Қоғам үшін ең бастысы – Тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық, Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
ІІМ-нің 2023 жылға арналған жедел жоспарына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында, ағымдағы жылдың қарашасында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белседілік!» республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың кең тобын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру мақсатында, ағымдағы жылдың 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік!» атты кең ауқымды республикалық акциясы Бородулиха ауданының аумағында өткізіледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасылық тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекет. Көбінесе, әйелдер мен балалар – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы сынап-мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.
Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жерлері бойынша толық тексеру жүргізіледі. Оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауларына ерекше назар аударылады.
Егер сіз тұрмыстық-зорлық зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз Бородулиха аудандық полиция бөлімінің сенім телефондарына хабарласыңыз!
Сенім телефондары: 2-10-27, 2-15-63, 102
«111» отбасылар мен әйелдер және балалар мәселесі бойынша жұмыс істейтін, мемлекеттік біріңғай сенім телефон-қызметі.
А. Дузбенбетова,
Бородулиха аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны