Бородулиха ауданында шөп шабу науқанының басталуына байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
2026 жылы Бородулиха ауданы аумағында техниканың техникалық ақауына, атап айтқанда ұшқын сөндіргіштің (искрогасительдің) жарамсыздығынан ірі дала өрттері орын алған болатын. Мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды.
Осыған байланысты сіздерден:
* шөп шабуға шығар алдында техниканың толық техникалық жарамдылығын тексеруді;
* шығару жүйесіндегі ұшқын сөндіргіштің жарамды болуын қамтамасыз етуді;
* әрбір техникада міндетті түрде өрт сөндіргіш пен өртті бастапқы сатысында сөндіруге арналған хлопушка болуын;
* өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.
Өрттің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Бородулиха ауданының
төтенше жағдайлар
бөлімі
