Тұрғындармен тұрақты түрде жүздесетін аудан әкімі Айдар Ибраев дүйсенбі, 26 ақпан күні Новопокровка ауылына жұмыс сапарымен барды.
Сапары барысында М.Әуезов атындағы және Новопокровка орта мектептері қазандықтарының жағдайын тексерді.
Анықталғандай, көмір қоры жеткілікті, қазандықтар жарамды күйде. Аудан әкімі оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызды екенін ескертті.