Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл санап жол-көлік оқиғасы артып келеді. Бородулиха ауданында жыл басынан бері 3 жол апаты орын алып, 3 адамның жарақат алуымен және бір адамның өлімімен аяқталған.
Жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 5-29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Полиция мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстауға арналған құрылғылдарды пайдалану қағидаларын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлерін тарта отырып, «қарбалас сәттерде» жалпы білім беру мекемелері маңында жол ережелерін сақтау қадағаланады.
Кез келген, оның ішінде шетелдік есептегі көлік құралдарының қатысуымен ЖҚҚ бұзуға «нөлдік төзбеушілік» қағидасы қамтамасызданады.
Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары мен қонақтары! Осыған орай сіздерден өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңізді сақтау үшін, жолда абай болып, жол ережесін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Ермек Тұрарқанов,
Бородулиха АПБ ЖПҚБ
бастығының орынбасары,
полиция майоры