Жезкент кентінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы өтті. Шараға Бородулиха ауданының әкімі Аайдар Ибраев, аудандық мәслихат төрағасы Сәуле Урашева, депутаттар, кент тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, әкім аппаратының, «Орлов» өндірістік кешенінің, мәдениет үйінің, «Трансэкосервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымдары, сондай-ақ Переменовка және Новодворовка ауылдық округтерінің еріктілері, жалпы 250 адам қатысты.
Акция аясында мектеп-лицейдің тротуарының бойына 100-ге жуық жас ағаш көшеттері отырғызылды, сондай-ақ Абай даңғылы мен «Даңқ» аллеясындағы талдар әктеліп, 15 тонна қоқыс шығарылды.
— Таза Қазақстан » — бұл жай ғана ауқымды акция емес, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттырудың тиімді жолы,- деп атап өтті аудан әкімі Айдар Ибраев.
«Жасыл аймақ» акциясы аясында кент тұрғындары бірлігі мен берекесін тағы бір мәрте байқатты.
Ай-Керім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Жаңа уақыт»