Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде «Мен тұратын өңірдің танымал адамдары» атты республикалық байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – туған өлкенің танымал тұлғалары туралы мәлімет беру, Қазақстанның дамуына үлесін қосқан музыканттар, суретшілер, мәдениет қайраткерлері жайлы шынайы тарихи деректерді жеткізу.
Байқауға «Камышенка орта мектебі», «Новопокровка орта мектебі», «Абай атындағы мектеп», «Жерновка орта мектебі», «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 7-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты.
Байқау үш номинацияда өтті. Олар: «Туған өлкенің танымал шығармашыл тұлғалары» атты тұсаукесер, «Жеке кездесу» бейнерепортаждар байқауы, «Шығармашылық адамдар әлемі» атты өз шығармаларынан өлеңдер байқауы.
«Мен тұратын өңірдің танымал адамдары» атты республикалық байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша бірінші орынды Новопокровка орта мектебінің оқушысы Разия Ыдырышева, «Жеке кездесу» бейнерепортаждар байқауы номинациясында, жұмыс тақырыбы – «К.Куюков- қолы жоқ суретші, ядролық сынақтың зардабын сурет арқылы жеткізу». Екінші орын — Абай атындағы негізгі орта мектебінің оқушысы — Кира Шипилова, «Шығармашылық адамдар әлемі» номинациясы, өлең тақырыбы «Искры огня». Екінші орын — Жерновка орта мектебінің оқушысы Ксения Ходько, «Туған өлкенің танымал шығармашыл тұлғалары» номинациясы, тұсаукесер байқауы. Үшінші орын — Камышенка орта мектебінің оқушысы Камила Жолдыбалинова, «Туған өлкенің танымал шығармашыл тұлғалары» номинациясы, тұсаукесер байқауы, Жұмыс тақырыбы: «М. Ешекеев — дара тұлға». Үшінші орын — Жезкент кентінің мектеп-лицейінің оқушысы- Елизавета Мушурова, «Шығармашылық адамдар әлемі» номинациясы, өзі шығарған өлеңі «Запомните нас».
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық табыс, жеңіс тілейміз!
Бородулиха ауданының білім бөлімі