Бородулиха ауылының спорт кешенінде әйелдер командалары арасында волейболдан аудан әкімінің ауыспалы кубогы өтті. Жарысқа Бородулиха, Белағаш ауылдық округтерінің командалары және Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қыздар командасы қатысты.
Ашылу салтанатына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы И.Бельская және жарыстың бас төрешісі Т.Бейсенбаев қатысты. Жарыс барысында аудандық мәдениет үйінің әртістері Халықаралық әйелдер күніне орай қатысушылар мен қонақтарға арнап шағын концерт ұсынды.
Турнир қорытындысы бойынша Бородулиха ауылының командасы бірінші орынды жеңіп алса, Зенковка ауылының құрамасы екінші, спорт мектебінің қыздары үшінші орынды иеленді.
А. Жақып,
«Жаңа уақыт»