1845 жылдың 10 тамызында Қазақ халқының ұлы ақыны дүниеге келді деп есептеледі. Міне, дәл осы күні Қазақстанда 2 жыл болды Абай күні мерекесі атап өтілуде. «Мәселе мерейтойда емес – тұғырлы тұлғаның туындыларынан терең тәлім алуда. Абайдың рухына тағзым ету – оның қағидатын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың санасына қастерлі құндылықтарды сіңіреміз», — деді Мемлекет басшысы өзінің «Абай — рухани реформатор» атты мақаласында. Ұлы ақынның туған жері биыл мерекені жаңа мәртебеде қарсы алды.
— Биыл біз мұқият дайындалдық. Бізде Абайға арналған онкүндік өтті. Шараға Абай облысының барлық қалалары мен аудандары қатысты. Іс-шаралар концерттер мен фестивальдармен шектелмейді. Біздің басты міндетіміз – жерлестерімізді, осы өлкеден шыққан тумаларды Ұлы бабамыздың рухани мұрасының айналасына біріктіру болып табылады. Ең бастысы, жастарды Абай Құнанбаевтың шығармашылығына, философиясына баулу, оны зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту. Абай ойы — терең ұлы тұлға, оның шығармалары барлық уақытта да өзекті, сондықтан зерттеушілер үшін бұл бағыттағы жұмыстар жетерлік, — дейді Абай облысы мәдениет басқармасының ресми өкілі Айдар Ибраев.
Спикердің айтуынша, бұл күннің басты оқиғасы жерлестер форумы болды. Ұлы ақынның жерінде бұрын-соңды осында тұрып, жұмыс істеген немесе қазір Семейде және оған жақын аудандарда өз қызметін жалғастырып жүрген адамдар жиналды. Қатысушылар Абайдың құрметіне аталған музей, театр сынды мәдени нысандармен танысып, «Арена» мәдени-спорт кешенінде болды.
Мереке соңында Семей қаласының Абай атындағы театрында Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен «Ұлы дала-Ұлы Абай» гала – концерті өтті.