Қазір әлемде діни жағдай күрделеніп барады. Халықтың тұтастығы мен дін тұтастығы және мемлекет тұтастығы арасында бірегей байланыс бар. Өкінішке орай, жымысқы әрекеттерімен ел ішінде іріткі салып, өмірлік бағдарын әлі айқындай қоймаған жастарды жат ағымның жетегіне тартатын ұйымдар кездеседі.
Мұндай ұйымдармен күрестің бір жолы ретінде халқымыз өскелең ұрпақ бойына ұлттық тәрбие нәрін сіңіріп, таным көкжиегін кеңейтіп, ұлттық рухын көтеруді мақсат етеді.
Жуырда Новопокровка ауылдық округінде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық топтың мүшесі, Бородулиха ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры екі орта мектептің оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында діни экстремизм тақырыбы талқыланып, слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. Соңында оқушылар сауалдарын жолдап, жауап алды.
Өз тілшіміз