Киберқылмыс – еліміздегі алаяқтықтың ең көп тараған түріне айналды. Интернет кеңістіктегі қызмет көрсету аясы кеңіген сайын бұл қылмыстың түрі де қарқын алып, айла-тәсілі де түрленіп келеді.
Киберқылмыспен күресушілердің айтуынша, онлайн сауда – киберқылмыстың ең қызған алаңы. Сауда-саттықтың таралған әдісі де кең және көбіне бірін-бірі қайталамайды. Тағы бір айта кетерлігі банктер мен микрокредиттік ұйымдарда жалған онлайн несиелерді тіркеу фактілері де азаймай отыр. Мұндай деректердің дені түрлі жобаларға – инвестиция, бәс тігу, ойынға және тағы да басқа ақшаны тиімді инвестициялау деген желеумен жасалған.
Бородулиха ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды күнделікті желілік алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ең көп таралған алаяқтық схемалар мен қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғану жолдары туралы тұрғындарды хабардар етіп, ақпараттық-профилактикалық буклеттер, брошюралар таратты.
Әйгерім
Сәрсенқалиқызы