Дүйсенбі күні аудан әкімі Айдар Ибраев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген Бородулиха ауылының тұрғыны үйіне орталық су құбырын жүргізу туралы өтінішпен жүгінді.Тұрғын тілегін тыңдаған соң аудан басшысы бұл сауал назарға алынғанын және жақын күндері «Казводхоз» өкілдері үйіне баратындығын айтты.
Ал Ақши ауылының тұрғындары мектепті сақтап қалу жөнінде өтініштерін жеткізді. Оқушы санының аздығына байланысты Пролетарка орта мектебінің жабылу қаупі басым. Ағымдағы оқу жылында білім ошағында 9 бала оқып жатыр екен. Аудан әкімі жуырда Абай облысының білім басқармасының басшысымен осы мектепті сақтап қалу үшін оңтайлы шешім қарастыру мақсатында Ақши ауылына баратындығын айтты.
Сондай-ақ, жеке қабылдауға жазылған тағы бір тұрғын әріптесінің тұрпайы мінез-құлқы туралы мәселе көтеріп, шағымын жеткізді. Бұл ретте аудан басшысы тиісті бөлімге этикалық нормалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Өз тілшіміз