Қазақстан-130-дан астам этнос өкілдерін біріктірген бірегей мемлекет. Елімізде барлық ұлт пен ұлыстың өкілі үшін тең мүмкіндік жасалған. Мемлекеттік саясаттың, Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында этномәдени бірлестіктер құрамындағы ұлттар өз мәдениетін дәріптеп, тілдерді, тарихты, дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты үйренуде.
Бородулиха ауданының Достық үйінің барлық этномәдени бірлестіктері этносаралық келісімді нығайту, сондай-ақ халық мәдениетін сақтау және дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Біздің мемлекетіміздің бірегейлігі қазақстандық қоғамның негізінде барлық азаматтар жалпыға бірдей таныған құндылықтар жатыр, ал жаңа, әділ Қазақстанды құрудың басты қағидаттары достық пен татулық болып табылады.
Келісім жоқ жерде бірлік жоқ, ал, бірлік болмаса тірлік те жоқ. Қазақстанда ұлтаралық келісім ең жақсы үлгіде жүргізілуде. Сондықтан әлем елдері мемлекетімізден үлгі алуда, біз бұған қуанамыз. Айқын мақсатқа жетер жетістіктерімізді ортақ табыспен сәйкестендіріп, жұмыла жұмыс жасау әрбір қазақстандық үшін маңызды. Оны санамызға серік етіп, жүрегімізбен ұғынуымыз керек. Тұрақтылық негізі – татулық. Ал татулық кез келген елді, халықты тек жақсылық пен ынтымаққа, келісімге жетелейді.
Н. Давлетшина,
“Лайсан” татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі