Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі және «Семей орманы» мекемесінің қолдауымен, Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен аудан жастары арасында экологиялық жобаларды таныстыру байқауы өтті.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда байқауға қатысушылар сараптау комиссиясына жобаларын таныстырды.
Шараның мақсаты – ауданның экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында экомәдинетті қалыптастыру және туған жердің табиғаты мен тау, тасын қорғауды үйрету, қоқыссыз жүйені қалыптастыру, жастардың белсенді азаматтық ұстанымдарын ынталандыру.
Барлық 5 жоба да қазылар алқасының қызығушылығын тудырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жастар бастамаларының маңыздылығы мен өзектілігін көрсетті. Барлық қатысушыларға шығармашылық идеялары мен экологиялық мәселелерді шешуге деген ынталары үшін алғыс айтамыз!
Өз тілшіміз