Абай облысы, Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік мекемелер және әкімдік бөлімдермен тығыз байланыс жасай отырып, тілашар тобы және оқыту үрдісімен қатар, әр түрлі іс шаралар өткізіліп тұрады.
Осы орайда 2022-2023 оқу жылында өткізілген мәдени шараларды саралап өтсек. Орталықта мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілі де оқытылады. Оқу жылының басында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына орай әзірленген ақпараттық бейнежазба желіге жарияланды.
Ұлттық мерекеміз – Республика күніне арналған арнайы құттықтау бейнежазбасы инстаграм желісіне жарияланды. Орталық тыңдаушыларының қатысуымен 2 топтың арасында «We know English» атты ағылшын тілінде сайыс өз мәресіне жетті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастырумен 16 желтоқсанның ержүрек, қаһармандарын еске алу мақсатында «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» атты ақпараттық сағат өтті.
Аудандық мәдениет үйінде Бородулиха ауданының 95 жылдығына арналған «Берекелі Бородулиха» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Бородулиха ауданында туып-өскен, көп жылдар бойы жұмыс істеген, ауданның құрылуы мен дамуына тікелей қатысқан тұрғындар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, тарихи деректер туралы өз ойларымен бөлісті.
Жыл басында белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жылдығына арналған бейнежазба желіге жарияланды.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, актёр, сазгер, жерлесіміз Болат Күнтуұлы Сыбановтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Дара тұлға» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Биыл 16-26 қаңтар аралығында Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдері оқыту орталығында және филиалдарында қазақ тілі мен ағылшын тілдерінен қарапайым, базалық, орта ортадан жоғары деңгейлер бойынша аралық сынақтар өтті.
Қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған видео құттықтау инстаграм желісіне жарияланды.
Новопокровка ауылдық округінде орыс тілді аудиториялардағы мемлекеттік тілдің тыңдаушылары арасында «Шеберлік алаңы» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Орталық тыңдаушыларының қатысуымен «Do you want to become a millionaire?» (Миллионер болғың келе ме?) атты интеллектуалдық ойын өтті.
1 Наурыз алғыс айту күніне орай, «Қош келдің, әз Наурыз!» бейнеқұттықтауы инстаграм желісінде жарияланды. Ондағы мақсат – Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Сонымен қатар, «Абай мұрасы» атты киіз үй құрылып, жазушының кітап көрмесі, сондай-ақ Абай өңірінің құрылуы туралы халыққа кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Ауданымызда қазақ тілін үйренем деушілерге жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Мәселен, 7 сәуірде «Сөйле Time» клубы өз есігін айқара ашты. Аталған клубты ашудағы басты мақсат – қазақ тілін үйренем деушілерге сауатты тіл үйрету, яғни олардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне көмек көрсету.
Міне, осы мақсатта аудан бойынша офлайн режимде оқыту сабақтары өткізілді. Тіл үйренем деушілердің клубқа деген көзқарастары өте жақсы. Олардың көпшілігі мемлекеттік тілдің көп жерлерде қажет болатынын ескеріп, оны толық меңгеріп алуды қалайды. Осындай жандар үшін «Сөйле Time» клубының есігі әрдайым ашық. Тіл үйрету клубының атқарған жұмысы әлеуметтік желілерге жарялануда. «Сөйле Time» клубының барлық қызметі тегін жүргізіледі.
Новошульба ауылдық округінің оқытушысы Азанхан Мұратбектің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық қаһарманы, партизан-жазушы, Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай, танымдық сабақ өтті.
Үш тілді жетік меңгерген жастар арасындығы «Тіл шебері-2023» аудандық байқауы ұйымдастырылды.
Орталық тыңдаушыларының қатысуымен «Let’s speak English» атты акция өтті.
Абай облысының мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері-2023» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Біздің ауданнан бұл іс-шараға Лайла Мамедова қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Абай облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастырумен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, ақпараттық-танымдық сағат өткізілді.
«Тілдің тірегі өзіміз» демекші, орталық ұстаздарының мақсаты – аудан тұрғындаы мен жастарды мемлекеттік және басқа тілдерді оқытумен қатар, мәдени іс –шараларға қатыстыра отырып, тыңдаушыларды тарту болып табылады. Мемлекеттік тілді үйрену — әр азаматтың міндеті деп білеміз.
Мейрамгүл Атаева,
аудандық мемлекеттік және басқа
тілдерді оқыту
орталығының директоры