Бородулиха ауданында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша екі айлық аясында алғашқы сенбіліктер басталды. Тұрғындар алдын ала хабарландырылды, сондай-ақ аудан орталығындағы барлық ұйымдарға, мекемелерге және бизнес нысандарына тазалық жұмыстарының басталуы туралы хабарламалар жолданған болатын.
Ел Президентінің бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен олар ауламен қатар іргелес аумақты да тазалап, тәртіпке келтірді.
Мемлекет басшысының бастамасын, сондай-ақ Абай облысы мен аудан әкімдерінің үндеулерін тұрғындар қызу қолдап отыр — бұл халықтың ауызбіршілігі мен ортақ іске дайындығының айқын дәлелі.
Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев Бородулиха ауылдық округінің әкімімен, аудандық санитарилық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілімен, ішкі істер бөлімімен, коммуналдық шаруашылық басшысымен және БАҚ өкілдерімен бірге бизнес нысандарын, ұйымдар мен мекемелерді аралады. Кездесу барысында аумақтарды абаттандыру мәселелері талқыланып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға — мүмкіндігінше жұма немесе сенбі күндері — шақыру жасалды.
Қоқыс жәшіктерін орнату, ғимараттардың қасбеттерін және оларға іргелес аумақтарды ретке келтіру, сондай-ақ гүлзарларды абаттандыру қажеттілігі атап өтілді. Тартымды сыртқы көрініс — бұл жайлылық қана емес, сонымен қатар ауданымыздың имиджі екендігі анық жайт. Ал, мұндай профилактикалық аралау, қадағалау жұмыстары алдағы уақыттарда апта сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.
Өз тілшіміз