Семей қаласының оқушылары үшін мектептерде орын саны жеткілікті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
Семей қаласында өткен жылдары бірнеше мектеп ашылған. Қазіргі уақытта мектептерде орын саны жеткілікті.
— Өткен жылы Восточный шағын ауданында 1200 орындық мектеп салынды, Степной шағын ауданында да мектеп құрлысы аяқталды. Қазір орын тапшылығы жоқ болса да Қарағайлы шағын ауданында тағы бір мектеп құрлысы басталды, — дейді Даниал Ахметов.