Қараша айының үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып келеді. Бұл – егінін баптаған диқанның да, таңның атысы, күннің батысы демей, мал жайған малшының да жыл бойғы төккен тері мен бастан өткерген бейнетінің зейнетін көріп, қорытынды шығаратын кезеңі.
Ауыл шаруашылығы – бұл халықты азық-түлікпен және әрбір өнеркәсіп саласына шикізатты қамтамасыз ететін экономиканың бір саласы. Ел экономикасы халықтың денсаулығы сияқты ауыл шаруашылығы өндіретін өнімге байланысты. Сондықтан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі аса маңызды. Бұл кәсіби мейрам осы адамдарға арналады, солардың қызметтерінің арқасында халық сапалы азық-түлікпен тамақтанады.
Ауыл шаруашылығы көптеген мамандықтардың өкілдерін біріктірген. Олардың барлығы жер жыртып, егін егіп, одан мол өнім алуды жақсы көреді, астық жинау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, ауыр еңбектен қорықпай, сан ғасырдан бері келе жатқан дәстүрді сақтайды. Бұл мейрам тек ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындарының мерекесі. Таң атқанан кеш батқанға дейін демалыссыз жұмыс істеп, біздің дастарханымызды сүт, ет және тағы басқа да азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін жандардың мейрамы.
24 қараша күні аталып өтетін ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында, Бородулиха ауданының әкімі Айдар Маратұлы осы саланың қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл мереке мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс істейтін, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің жемісі екенін атап өтті.
«Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Агроөнеркәсіптік кешен барлық уақытта ел экономикасының дамуының локомотиві болды. Дихандар, малшылар, қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысшылары заман талабына сай, тиімді әрі іс жүзінде жетістікке жете алатындықтарын дәлелдеп отыр. Осындай жетістіктерге жетуіміз үшін атсалысып, тер төккен баршаңызға табанды еңбектеріңіз және өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамын.
Бұл мерейлі мереке күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін! Тәуелсіздігімізді баянды етіп, қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда қажымас қайрат, толайым табыстар тілеймін!», – деді аудан әкімі.
Бұл күні ауданның, облыстың ауыл шаруашылығын дамыту ісінде тынбай еңбек етіп жүрген құрметті азаматтар – Е. Зайтенов, В.Лопатин, А. Құрамысов, Л. Ступак, Н. Ровчак, В. Дайснер, А. Майер, А. Подкорытов, В. Касымкин, А. Аубакиров, В. Панин, С. Бексултанов, А. Гербель, З. Мендекеев, Л. Майер, Т. Оразаев, Н. Жұмаділов, Н. Жақсылықов Абай облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен Е. Бимурзин, Н. Николенко, Е. Ертаев, М. Аргумбаев, В. Пашнин, В. Духонин, А. Ершов марапатталды.
Кәсіби мереке – ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай, адал еңбегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін С. Альменев, Н. Дилбарян, А. Романов, В. Бекетов, В. Кирдяев, Э. Майер, Л. Майер, М. Құрамысов, К. Пирязев, Г. Сайдулаев, С. Козлов марапатқа ие болды.
Т. Байжуманов, Р. Сарсенбаев, С. Акжекеев, А. Кудушев, Г. Курманбаева, А. Рахметуллин, О. Оспанов, Е. Тусупбеков, В. Антонов, Ю. Ковязин, Т. Жумагулов, Т. Аубакиров, Е. Жбратов, К. Поп Константин, И. Лехнер, В. Майер, С. Кавалеров, А. Кривнев, Н. Диканский, Е. Остапенко, Е. Черняков, П. Лазарев сынды азаматтар ерекше еңбектерімен еленіп, «Бородулиха ауданына – 95 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Кәсіби мереке – ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай, адал еңбегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін Бородулиха ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен А. Романов, В. Оганнесян, Н. Шениман, В. Рейзвих, В. Лубинский, С. Озерной, А. Оспанова, А. Ульмесенов, А. Ступак, М. Минаев, М. Бисултанов, В. Граф, Д. Бергенев, Ж. Бергенев, Б. Уразаев, М. Айтуганов, Р. Мендекеев, А. Попп, В. Поляков, Ж. Рахимов, Е. Альмухаметов сынды азаматтар марапатталды.
Сондай-ақ, ауданның ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосып, жаңа техникамен және өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету ісінде қолғабыс көрсетіп жүрген «Астана Агро Партнер» ЖШС директоры Арман Нұрхатұлы Айманбетов Бородулиха ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Астана Агро Партнер» ЖШС – ауылшаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сату бойынша Қазақстандағы ауқымды компаниялардың бірі.
Компания 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарымен қамтамасыз етіп келеді. Кең таралған сауда желісі бар.
Б. Махамбетов, С. Исаханов, В. Тележанова, В. Горлач, А. Тюлюпова, А. Краузе, Б. Дананов, С. Дананов, Г. Диканский, Д. Кирдяев, С. Зуев, А. Кайзер, Н. Борков, С. Мендекеев, М. Сембинов, С. Похабов, А. Галаев, О. Левадий, В. Щенников, Ж. Сакенов, Д. Григорьев, С. Бобко, Е. Байхадамов, А. Гафнер, Р. Мендыбаев, С. Олейников, Қ. Байгужин, В. Зубенко, С. Алтухов, С. Васьковский, А. Кузнецов, Б. Акылбек, Қ. Ибраев, А. Понамаренко, В. Романов, Р. Сайфутдинов, А. Дюсембаев, А. Байтлер, А. Байтлер, Н. Тимощенко, Д. Римкевичус, С. Имадилова, О. Жиров, Е. Байдумашина, О. Загребаева, Е. Баканов, В. Кальденбергер, В. Гельфенбаен, Д. Нұртазанов, А. Андроейцев, М. Перик, С. Ясавин, К. Беркутбаев, В. Богинич, В. Малыга, В. Агренчин, В. Разухин, В. Брова, А. Редхер, О. Степаненко, В. Лисков, С. Кузнецов, Р. Шайбаков, Г. Каражанова, Ю. Голобородько, С. Дронов, К. Увалиев, В. Анисимов, Н. Дёмочкин, И. Бергер, Б. Жумашов, В. Рихард, И. Рихард адал еңбегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін Аудан әкімінің грамотасына ие болды.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері өздерінің қажырлы еңбектерімен біздің елімізді сапалы да табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүргенін ұмытпайық. Ендеше, ерен еңберіңіз елене берсін!
Сұлтан ИБРАГИМОВ