Аудандық білім бөлімі мен «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның Тәуелсіздігі – инновациялық экономикаға жол: жетістіктері мен болашағы» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізді.
Шараның мақсаты – Отанға, оның табиғатына, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру, әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Сайысқа Жезкент орта мектебі, Н.Островский атындағы орта мектеп, Жезкент кентінің мектеп-лицейінің командалары қатысты.
Шарада оқушылар «Менің Қазақстаным – менің елім» тақырыбында баяндама жасады.
Ойынды аудандық кітапхана өкілі Рыскүл Атаева мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Светлана Сексенова бағалады.
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша 3 орын Н.Островский атындағы орта мектебінің қатысушыларына бұйырса, 2 орынды Жезкент орта мектебінің командасы еншіледі. 1 орынды Жезкент кентінің мектеп-лицейі жеңіп алды.
И. ЕРТАЕВА,
«Мәңгілік Ел»
тәрбие – білім орталығының жетекшісі