• RU
Воскресенье, 16 августа, 2026
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРМАН ӨРТІ ОҚШАУЛАНДЫ

10.08.2026
in Жаңалықтар
ОРМАН ӨРТІ ОҚШАУЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бородулиха ауданындағы 16 шілде таңы үрейлі хабармен басталды. Қарағайлы орман үстінен шұбатылған қою түтін тұрғындардың есіне адам өмірін қиып, мыңдаған гектар алқапты шарпыған 2023 жылғы алапат өртті түсірді. Тілсіз жаумен күресте бұл жолы әрбір минут алтынмен тең еді.
Таңғы сағат 10:30 шамасында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығына қарасты 57-квартал аумағында өрт шыққаны белгілі болды. Тілсіз жаудың бетін қайтару үшін шұғыл әрекет еткен құтқару қызметтері көп ұзамай Камышенка ауылында жедел штаб құрды. Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған барлық құрылым өкілдері осы жерге жиналып, жедел іс-қимылға көшті.
Төтенше жағдай орын алған бойда оқиға орнына Бородулиха ауданының әкімі Талғат Мұратов жедел жетіп, бірден жедел штаб жұмысын ұйымдастыруға кірісті. Штабтың қабылдаған алғашқы әрі ең маңызды шешімдердің бірі – өрт ошағына жақын орналасқан «DosbolLike» лагерінен балаларды шұғыл түрде эвакуациялау болды.
Қауіпті белгіге бірінші болып лагерь ұжымы үн қатты. Алдын ала пысықталған жоспар мен тұрақты жүргізілген жаттығулардың арқасында тәлімгерлер мен тәрбиешілер балаларды ұйымдасқан түрде жинап, қауіпсіз аймаққа алып шықты. Көп ұзамай аймақтағы ахуалды өз бақылауына алу үшін ауданға Абай облысының әкімі Берік Уәли келді.
Лагерь әкімшілігінің шұғыл әрекетінен кейін, эвакуациялау шараларына полиция, ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жедел қосылды. Барлық құзырлы органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде Семей қаласына барлығы 220 адам, оның ішінде 190 бала мен лагерьдің 30 қызметкері аман-есен жеткізілді.
Осы уақытта полиция қызметкерлері бірден қауіпті аймақты қоршауға алып, кіреберіс автожолдарды жапты. Тәртіп сақшылары шұғыл қызметтердің арнайы колонналарын бастап жүріп, жол қозғалысын қауіпсіз реттеді, сондай-ақ эвакуацияланған аумақта қоғамдық тәртіпті мұқият күзетті.
Апат ауқымы ұлғайған тұста, Үкіметтің тікелей тапсырмасымен төтенше жағдай аймағына ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жетті. Ведомство басшылары облыс әкімімен бірге өрт шалған аумақты тікұшақпен әуеден барлап, қызыл жалынның ең қауіпті әрі күрделі ошақтарының жай-күйімен танысты. Өрт сөндіру жетекшілерінің баяндамаларын тыңдаған соң, министрлер тілсіз жауды толық ауыздықтау үшін оқиға орнындағы күштер мен құралдарды одан әрі арттыру бойынша алдағы маңызды міндеттерді айқындап берді.

Тілсіз жаумен күрестің алғашқы сағаттарынан бастап-ақ өртті ауыздықтауға еліміздің барлық құзырлы органдары жұмылдырылды. Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жеке құрамы, сондай-ақ «Семей орманы» және «Ертіс орманы» резерваттарының мамандары жедел іске кірісті. Төтенше жағдай аймағындағы күшті нығайту мақсатында Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан және Астана қаласынан қосымша жасақтар мен арнайы техникалар тартылды.
Қызыл жалынмен күрес бір уақытта жерде де, әуеде де жүргізілді. Әсіресе, орманның қалың әрі жетуі қиын күрделі учаскелеріндегі өрттің таралуын тоқтату үшін тікұшақтар бірінен соң бірі су төкті. Авиация тарапынан жалпы көлемі 546 тонна болатын 243 рет су тастау шаралары сәтті орындалған.
Алайда бұл арпалыс тек өрт сөндіру аумағымен ғана шектелген жоқ. Құтқарушылар, орманшылар мен әскери қызметшілер лаулаған өртті тежеп жатқанда, шұғыл көмек көрсету бағытында да маңызы зор ауқымды іс ұйымдастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен Камышенка ауылында арнайы далалық асхана құрылды. Ауыл тұрғындары шұғыл түрде ыстық тамақ дайындап, оны тікелей отпен бетпе-бет келген өрт сөндірушілерге жеткізіп тұрды.
Бородулиха ауданының ауылдық округтері арасында арнайы кезекшілік кестесі бекітілді. Тұрғындар асхана жұмысына қолғабыс етіп, азық-түлік тасымалдады, өртпен күрестің алдыңғы шебінде күні-түні жүрген жандарды ең қажетті заттармен қамтамасыз етті. Дәл осындай сын сағаттарда аймақ жұртшылығының шынайы болмысы мен темірдей тәртібі, ауызбіршілігі ерекше жарқырап көрінді. Ортақ іс, ортақ сынақ туғанда, халық бұл міндеттің кімге тиесілі екенін сұрап жатпай, әркім қолынан келген көмегін аямады.
Соңғы ресми мәлімет бойынша, орман ішінде ашық жалын байқалмайды, өрт толықтай оқшауланды. Қазіргі уақытта жекелеген бықсыған ошақтарды жою, өрт жиектерін сумен шаю және аумақты күзету шаралары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға 769 адам, 191 бірлік жер үсті техникасы және 8 тікұшақ жұмылдырылған болатын.
Осы қажырлы еңбектің арқасында Камышенка ауылына төнген қауіп толығымен сейілді. Дегенмен, бірегей қарағайлы орманды сақтап қалу жолындағы күрес әлі де тоқтаған жоқ. Ауыздықталған әрбір өрт ошағы – Бородулиха ауданының тұрғындары үшін жай ғана табиғи байлық емес, ортақ естеліктің, тарих пен жарқын болашақтың символына айналған орман алқабының аман қалған әрбір гектары.
Осынау зор жауапкершілік пен табандылықты талап еткен сынақ сәтінде Абай облысының әкімі Берік Уәли қиын сәтте қолдау көрсеткен барша азаматқа шынайы алғысын білдірді. Аймақ басшысы қызыл жалынмен күрестің алдыңғы шебінде жүрген өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың, әскерилер мен құқық қорғау органдарының, орман шаруашылығы мамандарының, сондай-ақ көрші өңірлерден келген қосымша күштердің, еріктілер мен жергілікті тұрғындардың ерен еңбегін ерекше атап өтіп, жоғары бағалады.

Ш.ДОСКЕЕВА,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

Созидая будущее

БАЛАҢЫЗДЫҢ ОТПЕН ОЙНАУЫНА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

АЛАКӨЛДЕГІ БОРОДУЛИХАЛЫҚТАР КЕШІ

Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «ЕҢБЕК ЖОЛЫ – 2025»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА»
  • «ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 1 қазан — қарттар күні
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 19 қазан — Құтқарушылар күні
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абай – 180 жыл
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Аймақ дамуы
  • Аймақ жетістігі
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ардагерлерге құрмет
  • Ардагерлерді ардақтайық
  • Ата заң
  • Ата Заңға – 30 жыл
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық байқау
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік қолдау
  • Әлеуметтік саясат
  • Байқау
  • Балалар және спорт
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Бәрекелді
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім және ғылым
  • Білім және тәрбие
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Бірлік пен имандылық
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ваше право
  • Вести из сельских округов
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Водоснабжение
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Выборы народа
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Герои труда
  • Голос народа
  • Горизонты развития
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Гражданская платформа
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День пожилого человека
  • День спасателя
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Детское творчество
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Діни экстремизм мен терроризм
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Достық пен ынтымақ
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел болашағы
  • Ел қорғаны
  • Елге қызмет – ерге міндет
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамдары
  • Еңбек адамы
  • Еңбек нарығы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Ерлікке тағзым
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жас дарын
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Жерлестер жетістігі
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • ЖКХ
  • Жолдауға қолдау
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Записки криминалиста
  • Заседание акимата
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Индустриялық даму
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфрақұрылым
  • Инфраструктура
  • Историческое наследие
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Колонка редактора
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарттар күні
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қауіпсіздік
  • Қоғам
  • Қоғам және басқару
  • Қоғам және жауапкершілік
  • Қоғам және заң
  • Қоғам және қауіпсіздік
  • Қоғам және мәдениет
  • Қоғам және отбасы
  • Қоғам және саясат
  • Қоғамдық бақылау
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Қоршаған орта және экология
  • Құқықтық сауаттылық
  • Қылмыс пен жаза
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдени байланыс
  • Мәдениет
  • Мәдениет және қоғам
  • МӘСЛИХАТ
  • Мектепке дейінгі білім
  • МЕКТЕПКЕ ЖОЛ
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мерейлі мереке
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Образование без границ
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отзывчивые сердца
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өнер сахнасында
  • Өңір
  • Өңір тынысы
  • Памятная дата
  • Партийная система
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Педагогика
  • Полиция бөлімінен
  • Послание Президента РК — 2025
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Профилактика
  • Рабочая повестка
  • Рабочий визит
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональное сотрудничество
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сектор промышленности
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Совет ветеранов
  • Советы родителям
  • Социальная защита
  • Специалист предупреждает
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Статистика
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тамыз конференциясы
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлттық мұра
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Экономика және кәсіпкерлік
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.