Туған өлкеңнің қымбат құшағында соның бір бөлінбес бөлшегіндей болып қана емес, жанға ыстық жасыл әлемінің қорғаны бола жүру де үлкен бақыт қой, шіркін?! Бұл екінің бірінің басына бұйыра қоятын бақ емес. Біз сөз еткелі отырған орманшы жігіт – Василий Николаевич Глиенов дәл сондай жан.
Василий Николаевич 1961 жылдың 5 наурызында дүниеге келді. 1983 жылы Лениногор орман шаруашылығы техникумын орман шаруашылығы мамандығы, техник – ағаш өсіруші біліктілігі бойынша бітіреді. Ал сүйікті ісіне, жүрегі қалаған шаруасына араласқалы жылдар жылжып барады. 1983-1999 жылдар аралығында Бородулиха орман шаруашылығының орманшысы болып жұмыс істеді. 2000-2002 жылдар аралығанда Бородулиха орман шаруашылығының орманшысы болды. 2002-2015 жылдар аралығында Ауыл орман шаруашылығы орманшысының көмекшісі болып еңбек етті. 2015-2016 жылдар аралығында Ауыл орман шаруашылығының орман шебері болды. 2016 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін Ауыл орман шаруашылығында ӨСБ бастығы қызметінде жұмыс атқарды. 2016-2017 жылдар аралығында Ауыл орманшылығының мемлекеттік инспекторы болды. 2017жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Ауыл орман шаруашылығының орман шебері қызметін атқарады.
Василий Николаевич өзінің жұмысы туралы: «Егер табиғатты, өз кәсібін ұнатпаса, онда адам бұл салада көп уақыт жұмыс істемейтін еді. Өйткені, ағаштар — балалар сияқты, қуанады, өседі, ауырады, тек ештеңе айта алмайды. Мен ашық айтайын, жұмыс қиын, бірақ табиғатқа қамқорлықпен қарауға бағытталған, ал орман ісімен байланысты адамдар бірінші кезекте патриот болуы керек, өз Отаны мен оның табиғатын жақсы көруі керек», – дейді.
Азаматтың орманына қорған болып жүргеніне биыл 39 жыл болған екен.
Орман шаруашылығындағы жұмыс барысында Василий Николаевич өзін жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Білікті, еңбекқор жұмысшы, орман шаруашылығына жан-тәнімен берілген. Еліміздің орман заңнамасын мүлтіксіз сақтау талабын алға тартып, нақты еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Берілген жұмысқа жауапты, адамдармен қарым-қатынаста сыпайы, ұжымда лайықты бедел мен құрметке ие.
Кеңес Одағынан кейінгі орман шаруашылығы үшін қиын кезеңде ол өз ісіне адал болды. Барлық орман өрттерін сөндіруге қатысты.
Оған барлық жағынан сеніп тапсырылған шеберлік учаскесі шынымен де өз деңгейінде болды, бұл орман шебері Василий Николаевичтің өз міндетін адал және кәсіби түрде атқарған еңбегі. Бұл ретте, ол «Семей орманы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Бородулиха аудандық филиалы басшылығының марапаттаулармен марапатталды.
– Біздің басты мақсатымыз – орманды алқапты өрттен қорғау әрі жыл сайын көшет отырғызып, орман қорын молайтып отыру, қоршаған ортамыздың тазалығын сақтау. Жаз маусымында жұмысымыз мүлде көбейіп кетеді. Осы орайда, табиғат аясында демалушыларға тиісті ескертулерімізді жасаймыз, – дейді Василий Николаевич
Орман шаруашылығы мекемесінде өзіндік орны бар орманшы Василий ағамыз аса жауапты жұмысынан жылы шаңырағына оралғанда, бір үйдің мейірбан отағасы, балалардың қамқор әкесіне айналады. Ол – туған өлкесі, ыстық мекеніне қорған болып, перзенттік борышын лайықты өтеп жүрген азамат.
Ербол Темирбулатов