Жуырда аудан әкімдігінің кіші залында Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраевтың төрағалығымен әкімдікте жылыту маусымына дайындық бойынша штабтың отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Штаб отырысында күн тәртібі бойынша аудан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Э. Қоңырбаев 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық және жылыту маусымы бойы тіршіліктің қамтамасыз ету обьектілерінің тұрақты жұмысы туралы ақпарат берді.
Оның айтуынша, «Ауданды 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңге дайындау және бүкіл жылу беру кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі бойынша аудандық штаб құру туралы» Бородулиха ауданында 2023-2024 жылыту маусымына дайындық аясында аудан әкімінің 2024 жылғы 23 маусымдағы No31-р өкімімен жылыту маусымына дайындық бойынша штаб құрылды. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 55,7 шақырым болса, оның 32 шақырымы Жезкент елді мекенінің бойында. Ауданның көмірге сұранысы 96,3 мың тонна: бюджеттік ұйымдарға 9,0 мың тонна, коммуналдық қазандықтарға 2,1 мың тонна, тұрғындарға 35,2 мың тонна, «Шығысэнерго» ЖШС 50 мың тонна. Бородулиха ауданында көмір сатумен «Мартышкин», «Беккер», «Шалғымбаев», «Жаботинский» жеке кәсіпкерлер, «Белағаш ұн комбинаты» ЖШС, сонымен қатар Белағаш стансасы 2 тұйық жол айналысады. Аудан мектептеріне «Мартышкин» жеке кәсіпкер, Балаларды қолдау орталығына (Балалар үйі) «Әли Нұрлы Жол» ЖШС Бородулиха колледжіне «Шығыс Нұр» жеке кәсіпкерлермен көмірді жеткізуге келісім-шарт жасалды. Ауданда 32 қазандық бар. Білім беру объектілері бойынша – 23 қазандық. Денсаулық сақтау нысандары – 2 қазандық. КГП «Коммуналдық шаруашылық» – 6 қазандық. «Востокэнерго» ЖШС 1 өндірістік қазандық, – деді Эльдар Қоңырбаев.
Одан басқа, 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық және Бородулиха ауданының аудандық ауруханасы және Бородулиха ауданының барлық дәрігерлік амбулаторияның тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерінің тұрақты жұмысы туралы бас дәрігердің міндетін атқарушы А. Буданова сөз сөйледі.
Ауданда халыққа медициналық қызмет көрсетуді 32 құрылымдық бөлімшелер көрсетеді, оның ішінде 1 — аудандық аурухана, 11 — дәрігерлік амбулатория, 3 — дәрігерлік амбулатория, 17-медициналық-санитарлық көмек. Бородулиха ауылындағы аудандық аурухананың жылу қазандығы күрделі жөндеуді қажет етеді. Жобалық тапсырмаға сәйкес, келесі жұмыс түрлері қарастырылған: қазандықтарды, орталықтан тепкіш сорғыны, құбырларды және жылу құрылғыларын ауыстыру, сонымен қатар, жұқпалы аурулар бөлімінің жылу трассалары мен жылыту.
Биыл 10 мамырдан бастап, электрондық мемлекеттік сатып алу порталында Бородулиха ауылындағы аудандық ауруханасының қазандықтың ғимараттары мен құрылыстарын және бүкіл жылу жүйесін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Абай облысы бойынша бірыңғай ұйымдастырушымен келісу үшін хабарландыру орналастырылды. Абай облысында бір ғана ұйымдастырушымен үйлестіру кемінде 3 рет жойылды. 30 маусымдағы жағдай бойынша, мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында жобалық-сметалық құжаттаманы келісу бойынша мәртебесі бекітілген деп көрсетілген.
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жоспарланған сома 8443, 592 теңгені құрайды, рәсімдер бойынша мердігерді анықтау бойынша конкурс кемінде 1 айға созылады, одан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кемінде 3 ай қажет. Жоғарыда көрсетілген мерзімдерге байланысты ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Осы себепті ағымдағы жылы тиімділікті арттыру үшін 2 қазандықты КВР-0,63 дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу, ұзындығы 100 метр жылу магистралінің құбырларын жартылай ауыстыру және қазандық ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Жұмысты 2023 жылдың 3-тоқсанында өз қаражатымызбен жүргізу жоспарлануда. Ал 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Жобалық – сметалық құжаттаманын қорытындысын алғаннан кейін бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы жылдың 4-тоқсанында өтінім беріледі. Қалған бір нысан Жезкент кен-байыту комбинатының орталықтан жылытылады, бұл Жезкент кентіндегі дәрігерлік амбулатория, қалғаны электр энергиясы есебінен, – деді Айжан Амангелдіқызы.
Аудан әкімі Айдар Ибраев штаб отырысын қорытындылай келе, есеп пен ақпараттар бойынша тиісті ұсынымдар мен ескертулер жасады.
Сұлтан Ибрагимов