Жақында Жезкент кентінің Мәдениет үйінде Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттық фракциясының көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа мәслихаттың төрайымы Сәуле Урашева, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Селиханов, «AMANAT» партиясы филиалының жауапты хатшысы Гүлмира Ильяшева, Переменовка, Новодворовка ауылдық және Жезкент кенттік округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, қоғам өкілдері, жергілікті қоғамдастық өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауы талқыланды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, отырыс барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Б. Маймақовтың «Аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы» ақпараты тыңдалды. Оның айтуынша, Бородулиха ауданы Березовка подхозында кентішілік сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары 2022 жылдың мамыр айында басталған. 2022 жылы бөлінген 50000 мың теңге сомасындағы қаражаттың 40110,3 мың теңгесі игерілді немесе құны 9889,7 мың теңге соманы құрайтын жұмыстар орындалмады.
Белағаш топтық су құбырының қосылу нүктесінен ұзындығы 1,1 км су құбыры төселді, сорғы станциясының алаңын жоспарлау, су мұнарасы, профиль парағынан қоршау құрылғысы орнатылды, диаметрі 100 мм 24 дана су құбыры құдықтары бар кентішілік магистральдық су құбыры толығымен салынды.
Нысанның аяқталу мерзімі — 2023 жылғы 1 қыркүйек (қаржыландыру шарттары бойынша). 2023 жылға арналған 76182 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат толық көлемде бөлінді.
Кестеден артта қалуға байланысты Мемлекеттік сатып алу сайтына шартты бұзу туралы хабарлама қойылды, ол шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
— Бородулиха ауданы Петропавловка ауылында магистральдық желілері бар су тарту құрылыстарын салу жұмыстары 2022 жылдың мамыр айында басталды. Шарттар бойынша жұмыстардың жалпы құны — 114 412,4 мың теңге. Нысанның аяқталу мерзімі — 2023 жыл (қаржыландыру шарттары бойынша негізгі шартқа сәйкес). Оны аяқтауға 66272 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді. Мердігер су тарту алаңының объектілері бойынша жұмыстарды қайта бастады. 29 тамыздағы жағдай бойынша, мердігер «Актив-А» ЖШС су жинау құрылыстарының алаңын қоршау бойынша жұмыстарды аяқтады.
Кестеден артта қалуға байланысты Мемлекеттік сатып алу сайтына шартты бұзу туралы хабарлама қойылды, ол шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Жаңашүлбі ауылындағы сумен жабдықтау желілеріне қатысты жұмыстар 2022 жылдың мамыр айында басталды. Жобада Жаңашүлбі ауылының бір бөлігін сумен жабдықтау көзделген: Қазақстан көшесі (бұрынғы Ленин), Абеулов көшесі, Гагарин көшесі, Мерқұлов көшесінің бір бөлігі.
Нысан бойынша жұмыстар аяқталды. Іске қосу-баптау жұмыстары, су құбырының бүкіл жүйесін дезинфекциялау жүргізілді, пайдаланушы ұйым – комхоз өкілінің қатысуымен су жинау құрылыстарының алаңында жабдықтар сыналды. Құжаттар құрылысқа қатысушылардың қолын қою сатысында.
«Андроновка ауылындағы сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау» және «Новопокровка ауылындағы сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау» жобалары бойынша облыстық бюджеттен ақша қаражатын бөлуге бюджеттік өтінімдер берілді, — деді бөлім басшысы Б. Маймақов.
Бұдан кейін жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. Мусин «Бородулиха ауданының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жерді тиімді пайдалануы бойынша шараларды жүзеге асыру туралы» баяндады.
— Қазіргі уақытта «JerInSpectr» платформасында жерді пайдалануды бақылау жұмыстары жүргізілуде. «JerInSpectr» веб-порталында 2023 жылы анықталған пайдаланылмаған жайылымдар көлемі 27,9 мың гектарды құрады. 2023 жылдың өткен кезеңінде жалпы көлемі 367,0 га жайылымдық жерді құрайтын 3 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды және тиімді пайдалануға әсер ететін басқа факторлардың бірі — шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде 333821,5 га аумақта 112 шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы аяқталды, бұл жалпы алаңның 70%-ын құрайды, — дейді жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. Мусин.
Отырыста «Шөп дайындау науқанының қорытындысы туралы» Бородулиха аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М. Нұркешев ақпарат берді. 2023-2024 жылдардағы мал қыстауын өткізу үшін ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке аулаларында берілген тапсырмаға сәйкес, 70,0 мың тонна шөп, 8,5 мың тонна пішен, 13 мың тонна сүрлем, 30 мың тонна сабан, 6 мың тонна жем-шөп жиналды, бұл 39 мың шартты бас мөлшерінде орташа жылдық қыстайтын мал басын сапалы азықпен қамтамасыз ету үшін қажет. Шөп дайындау 46,2 мың гектар алаңда жүргізілуде. Пішендеме — 8,5 мың гектар алқапта. 2023 жылы шабындық және жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсатында 4,22 мың га алаңға ағымдағы жылдың бір жылдық шөптері мен көпжылдық шөптері егілді.
Дайындалған ірі жем-шөпті сақтау үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде жалпы ауданы 32,5 га болатын 49 шөп қора бар, олар 40 мың тоннадан астам ірі жем-шөпті сыйдыра алады. Қалған көлемі 56 мың тоннадан астам жеке меншік ауланың үлесіне тиесілі. Қазіргі уақытта арнайы деректерге сәйкес, 51,5 мың тонна шөп дайындалып, сатып алынды.
2023-2024 жылдардағы мал қыстауын өткізу үшін жем-шөп дайындау жұмыстары жалғасуда.
Отырыста аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының «Жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы» бекітілген жоспарына сәйкес, аудандағы Переменовка, Новодворовка ауылдық және Жезкент кенттік округтерінің әкімдері есеп берді. Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар-тұрақты комиссиялардың мүшелері қаулылар қабылдап, тиісті ұсынымдар берді және оларды орындау мерзімдерін белгіледі.
Сұлтан Ибрагимов