Бородулиха аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне арналған «Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы» атты салтанатты іс-шара өтті. Биылғы күнтізбеде қатар келген қос кәсіби мереке – елдің дамуы мен ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған жауапты сала мамандарын бір арнаға тоғыстырды.
Салтанатты жиын басталмас бұрын көрермендер назарына мемлекеттік қызмет пен ішкі істер органдарының тыныс-тіршілігінен сыр шертетін арнайы бейнеролик ұсынылды. Мұнан соң сахна төріне шыққан жүргізушілер жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, бұл мамандықтардың қоғам өміріндегі маңыздылығына тоқталып өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, жиынның ресми бөлімі ашық деп жарияланды.
Мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзі Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Батырұлы Мұратовқа берілді. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметтің үлкен жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететінін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында халыққа сапалы әрі ашық қызмет көрсету басты міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар, тәулік бойы кірпік қақпай қоғамдық қауіпсіздікті қорғап жүрген полиция қызметкерлеріне, интернет-алаяқтық пен киберқылмысқа қарсы күрестегі еңбектері үшін барша аудан тұрғындары атынан шынайы алғысын білдірді. Саланың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ардақты ардагерлерге де ерекше тағзым жасап, әріптестеріне кәсіби биіктер тіледі.
Жиын барысында қызметтік міндеттерін үлгілі әрі адал атқарған бірқатар үздіктер марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Руслан Шамелұлы Шариповтың Алғыс хатымен мемлекеттік қызмет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Гүлмира Болатқызы Азина, Жезкент кенттік округі әкімі аппаратының бас маманы Галия Александровна Саябаева және Андреев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Андрей Витальевич Щербанев марапатталды. Ал «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік байқауына белсенді қатысқаны үшін Венера Бағдатқызы Бергенева да арнайы Алғыс хатпен ұлықталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен ауданның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірнеше ауылдық округ әкімдері мен сала мамандары Бородулиха ауданы әкімі міндетін атқарушының Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында жалпы жұмыс өтілі 43 жылдан асатын Новошульба ауылдық округінің әкімі Алтай Жұмағалиұлы Молдажанов, мемлекеттік қызметте 30 жылдан астам еңбек өтілі бар Краснояр ауылдық округінің әкімі Борис Борисович Вахитов және осы салада 20 жылдық тәжірибесі бар Жезкент кенттік округінің әкімі Бақыт Рысқұловна Садықова бар.
Өз міндеттерін мінсіз атқарып жүрген Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Райгүл Дүйсенқызы Жылбаева, Бородулиха аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының бас маманы – бас қазынашысы Наталья Сергеевна Могильная және 2018 жылдан бері еңбекқорлығымен танылған Зубаир ауылдық округі аппаратының бас маманы Ақгүл Мұратқызы да осы марапатқа ие болды. Сондай-ақ марапатталғандар тізімін 17 жылдан астам еңбек өтілі бар Бородулиха аудандық соты әкімшісінің басшысы Светлана Владимировна Драчёва, заң үстемдігін қорғап жүрген Бородулиха ауданы прокуратурасының прокуроры Жандос Серікұлы Абдығұл, Новопокровка ауылдық округі әкімі аппаратының сауатты маманы Әсел Баймұхаметқызы Айтуғанова және Құнарлы ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты қызметкері Динара Ерболатқызы Ахметова толықтырды.
Марапат иелерінің қатарын аудан әкімі аппаратының Терроризмге қарсы комиссиясы қызметін қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы Темірұлан Қазбекұлы Жүнісов, Подборный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Александр Евгеньевич Торопов, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Серік Тілекұлы Орынханов, Новошульба ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Наталья Алексеевна Якимова және Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Әмир Дамирұлы Бергенев аяқтады.
Еліміздің ішкі тыныштығы мен заңдылықты қамтамасыз етуде жанқиярлықпен қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлері де ерекше ұлықталды. Абай облысының әкімі Берік Уәлінің Алғыс хатымен адал қызметі, жоғары кәсібилігі және өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарлары, полиция подполковниктері Ермұқан Төлендіұлы Мақпунов пен Ақылбек Советбекұлы Дөсембеков, сондай-ақ әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкері, полиция майоры Нұрлан Кенжеболатұлы Әбдірахманов марапатталды.
Мұнымен қоса, қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін бір топ тәртіп сақшылары Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушының Алғыс хаттарына ие болды. Олардың қатарында аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция майоры Әлиман Марленұлы Бегешханов, Тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Диас Серікжанұлы Тілеубаев, тергеуші, полиция майоры Талғат Серікұлы Ибраев, Анықтау тобының бас анықтаушысы, полиция майоры Жанат Саматұлы Әлменов, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Руфат Азаматұлы Ксембаев пен оның орынбасары, полиция майоры Ермек Тұрарқанов бар.
Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары: полиция аға лейтенанты Біржан Тілеуханұлы Баяхметов, полиция майорлары Әсет Ибрайханұлы Айтқұлов, Қайрат Серікбайұлы Мұхаметжанов және Жандос Жексенғазыұлы Ермұратов марапат төрінен көрінді. Олармен бірге полиция бөлімі есептеу тобының бухгалтері Ольга Николаевна Терехова, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар – полиция аға лейтенанты Анастасия Вячеславовна Ивлева, полиция капитандары Ольга Захрабовна Кубаева мен Әйгерім Әбділдабекқызы Қалибаева, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Әйгерім Ерғазықызы Уақпаева мен осы топтың инспекторы, полиция майоры Альмира Бағланқызы Дүзбенбетова да аудан басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Биылғы салтанатты жиынның ең әсерлі сәті – ел игілігі үшін тәрбиелі ұл-қыз өсірген мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарын ұлықтау рәсімі болды. Бородулиха ауданы әкімі міндетін атқарушының арнайы Алғыс хатымен Андреев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Андрей Щербаневтің ата-анасы – Виталий Анатольевич пен Любовь Александровна, Қаржы бөлімінің бас маманы Альмира Құрманбаеваның анасы – Гүлнар Кеңесбекқызы Жолдоболинова, сондай-ақ Жернов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Кристина Романенконың анасы – Наталья Максимовна Романенко марапатталды. Қоғамдағы ең жауапты қызметтерде жүрген перзенттерінің еңбегі арқылы төрден көрінген ата-аналарға жиналған қауым ерекше қошемет көрсетті.
Шараның ресми бөлімінен кейін мереке иелеріне арналған аудан өнерпаздарының шығармашылық концерті басталды. Сахна төрінде Отанға деген сүйіспеншілікті, туған жердің сұлулығы мен уақыт құндылығын дәріптейтін патриоттық және лирикалық әндер әуеледі. Жергілікті таланттардың жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігі мен жүрекжарды әуендері көрерменге ерекше жігер сыйлап, кештің көркін қыздырды.
Қос сала мамандарының кәсібилігі мен жауапкершілігі ұлықталған бұл салтанатты кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлап, естелік суретке түсумен аяқталды.
Ш. ДОСКЕЕВА,
«Жаңа уақыт»

