30 тамыз егемен еліміздің ұлы тарихынан орын алатын бүкілхалықтық мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Осыдан 28 жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Ата Заңы қабылданды.
Міне, содан бері бұл күн ел тарихында Қаақстан Республикасы Конституциясы күні деген атпен жыл сайын мерекеленіп келеді. Бұл айтулы күн Бородулиха өңірінің жер-жерінде де кең көлемде аталып өтті.
29 тамыз күні ауданымыздың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Бородулиха аудандық Мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Оған аудан басшылығы мен мемлекеттік қызметкерлер және өңіріміздің белсенді тұрғындары қатысты. Аталған іс-шараны аудан әкімі Айдар Ибраев өзінің құттықтау сөзімен ашты.
Өңір басшысы жергілікті тұрғындарды Конституция күнімен құттықтап, оларға аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында, аудан аумағында орман өртін сөндіру кезінде көрсеткен көмегі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін Р. Атаева, А. Круглов, Ү. Орынбасарова, О. Ельникова, Г. Аканова, Т. Хасанова, Л. Муртазина, Б. Акымбатчаев, Г. Масакбаева, Ю. Цой, Г. Шевелёва, А. Петрова, М. Тамилов, А. Курманбаева, Д. Ералинов, И. Виневцева, Г. Касенова марапатталды.
Салтанатты жиынның соңы Бородулиха аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.
Серік Тлекұлы