Бородулиха ауданы әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына Бородулиха аудандық прокуратурасының прокуроры А.Исаков қатысты.
Күн тәртібіндегі интернет-ресурстар арқылы азаматтарға, оның ішінде қарт адамдарға қатысты алаяқтық әрекеттердің алдын алу және жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауын болдырмау бойынша қабылданатын шаралар туралы және 2023-2024 оқу жылына арналған кәмелетке толмағандарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жазғы демалысын ұйымдастыру, жасөспірімдерді мектептен бос уақытында уақытша жұмыспен қамту, сондай-ақ демалыс кезеңдерін қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарында қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.
Айкөркем МАҚЫШ