Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында кең ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға еріктілер, жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері белсене қатысты. Бұл бастама қоғамның назарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Сенбілік аясында қатысушылар Бородулиха ауылындағы Үлкен көлдің аумағын тазартты. Көл жағалауындағы қоқыстар жиналып, табиғи ландшафт ретке келтірілді. Бұл — тек тазалық шарасы ғана емес, қоршаған ортаға деген жанашыр көзқарастың айқын көрінісі.
Ұйымдастырушылар мен қатысушылар аталған шараның маңыздылығын ерекше атап өтті. Олар табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді.
«ЖУ» — ақпарат