Жүргізілген талдаулар әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатынын көрсетіп отыр. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларында 200-ге жуық бала қайтыс болып, 3 мыңнан астамы жарақат алады. Бұл мемлекет үшін мүлдем орны толмас шығын, қазақстандық қоғамның демографиялық резервіне келтірілген нұқсан.
Жазғы демалысқа орай балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында, Бородулиха ауданының аумағында «Абайлаңыз – балалар!» кең ауқымды акциясы ағымдағы жылдың 20-30 мамыр аралығында өткізіліп жатыр. Акцияның дайындық кезеңі шеңберінде ӘПБ жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдары және оларға жақын орналасқан аумақтардың көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізілуде.
Олардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жаяу жүргінші-балалардың жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жол жағдайларын жасау жөнінде ұсыныстар шығарылады, сондай-ақ көше-жол желісін ұстауда анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ұйғарымдар дайындалып жолданады;
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен және олардың кінәсінен болатын ЖКО алдын алу мақсатында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Білім беру органдарымен бірлесіп, бұл мәселе ата-аналар жиналысында қарастырылады.
Алдағы жазғы демалыс кезеңінде жағдайды тұрақтандыру үшін барлық мүмкін ресурстарды пайдаланып, балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлқын насихаттайтын әлеуметтік роликтерді шығару және одан әрі тарату арқылы бүгінгі жастар үшін ақпарат алудың кең таралған платформасына айналған әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу профилактикасы ұйымдастырылуда.
Балаларды демалыс лагеріне тасымалдау кезінде балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдау ережелері бойынша білім беру органдарымен кеңес өткізу ұйымдастырылады.
Балаларды тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес тексеру актісін жасай отырып және бұзушылықтарды жоюды бақылай отырып, автобустарды рейс алдындағы техникалық байқау ұйымдастырылады.
Еермек Тұрарқанов,
Бородулиха АПБ
ЖПҚБ бастығының орынбасары