Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай AMANAT партиясы 2023 жылдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруда. Өткен жылы Абай облысында 7 352 адам қаржылық сауаттылығын арттырса, Бородулиха ауданында атысты. Жобаның екінші кезеңінде Бородулиха ауданында оқыту басталды.
Оқытудың 1-легіне бородулихалықтар өте жақсы қамтылып, жоспардағжоспарланған 420 адамның орнына 657 адам жобаға қатысқан.
Жоба жоспарының орындалуы – жоғарығы деңгейдегі ұйымдасыру жұмыстары мен халық арасындағы ақпараттық насихатқа тікелей байланысты. Бұл ретте аудан әкімі Айдар Ибраев жағдайды тікелей бақылауында ұстап, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері «AMANAT» партиясының аудандық партия филиалымен бірлесе жұмыс атқарған.
«Қарызсыз қоғам» жобасы – AMANAT партиясының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастамасы. Жоба несие бойынша берешегі бар, борышкерлер тізімінде тұрған, несиесін уақытында төлемеген азаматтарды қолдауға бағытталған. Тренинг қаржылық сауаттылық деңгейін көтергісі келетін, өз қаражатын ұтымды пайдалануды үйренуге ниетті, кәсіп ашуды жоспарлап жүрген және қаржы туралы білімге мұқтаж жандарға арналған.
Бағдарлама тек оқытумен шектелмей, қарызды қайта құрылымдау, атқарушылық парақтарды жою үшін нотариалдық қарсылықтарды дайындау, қаржылық алаяқтық фактілерін растау жөніндегі өтініштерді әзірлеу, жеке тұлғалардың банкроттығы, инвестициялар, бизнес-жоспарларды әзірлеу және қолдау қаржылық басқару мәселелері бойынша да көмек көрсетуді көздейді.
Биыл жоба «Қарызсыз қоғам 2.0» нұсқасында жаңартылып, оқыту бағдарламасы мен форматы өзгертіліпті. Енді бағдарлама 90 күннен астам өтелмеген несиелері бар азаматтарға басымдық береді.
Елімізде Отбасының цифрлық картасы іске қосылған. Карта арқылы ел азаматтарының әл-ауқаты 5 санат бойынша анықталады. «Қарызсыз қоғам» жобасында дағдарыс және қиын жағдайдағы отбасыларға басымдық беріліп отыр.
-2024 жылдың соңындағы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігінің ресми деректеріне сәйкес, Абай облысында D (дағдарыс) және Е (қиын жағдайда) санатына жататын 28 639 азамат тіркелген. Оқыту барысында осы санаттағы азаматарға көңіл бөлінеді. Биыл оқыту қызмет көрсету гибридті форматта 70 пайыз онлайн, 30 пайыз оффлайн жүргізіледі. Жыл соңына дейін 43 лек жоспарланған. Әр лекке кемінде 30 адам қатысуы тиіс. Жалпы өтелмеген несиелері бар азаматтардың 30 пайызы қаржылық сауаттылық оқуы мен қаржылық сауықтырудан өтуі қажет. Қала мен аудандар бойынша да нақты жоспар белгіленіп, қаржылық сауаттылықты арттыру шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады,- деді жоба менторы Сәулет Еркінқызы.
Статистикаға сүйенсек, Абай облысы бойыншағы D және Е санатындағы азаматтардың 55 пайызы Семей қаласында, қалған 45 пайызы облысқа қатысты аудандарда тіркелген. Қазіргі таңда Семей қаласында және Бородулиха ауданында оқыту жүргізіліп жатыр. Жоба менторы Сәулет Еркінова мен қаржылық эксперт Дастан Қасенов тұрғындардық қаржылық сауаттылығын арттырады.
Оқу барысында қатысушылар қаржылық сауаттылық негіздері, жеке қаржыны басқару, жинақтау, сақтау және көбейту, жеке және отбасылық бюджетті есепке алу әдістерін меңгереді. Сонымен бірге, кредит түрлері, кредиттеу кезіндегі есептеу, депозит түрлері, банк ставкаларын, пайыздарын зерделеу, сондай-ақ инфляция, банк жүйесі, сақтандыру және қор нарықтары туралы ақпарат алады. Қарыздар мен несиелерді жою, инвестиция салу, қаржылық шешімдер қабылдаудағы когнитивті қателер жайлы түсінік қалыптастырады.
Ай-Көркем МАҚЫШ,
«Жаңа уақыт»