Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан әлемде қаншама адам спортпен шұғылданып, бар ғұмырын соған арнайды. Әлемде ең көп тараған, ерекше ықыласқа ие спорт түрі футбол екені анық. Ал біз білмейтін спорт түрлері қаншама?! Адам баласының қиялы шексіз дегенді жиі айтамыз. Иә, расында да әр күн сайын таңданыс тудыратын жаңа нәрселерге куә болып жатамыз. Адамдар жаңалыққа, ерекше бірдеңе ойлап табуға құмар болып келеді. Бір-ақ мәрте берілетін өмірді қызықты етіп сүру үшін түрлі қадамдарға барады.
Бородулиха ауданының 95 жылдығына арналған футболдан ерлер командалары арасында аудан әкімі кубогының иегері анықталды. Спорт күні ақтық сында Бородулиха, Новопокровка, Жаңашүлбі ауылдық округтері мен Жезкент кентінің командалары кездесті. Үшінші орын үшін өткен ойында Бородулиха және Жаңашүлбі ауылдық округтерінің спортшылары өзара тартысты. Негізгі уақытта жеңімпазды анықтау оңай болған жоқ (2:2). Ойын тағдыры пенальтилер сериясында шешілді. Мұнда Бородулиха футболшылары дәлірек болып шықты. Шешуші кездесуде Новопокровка ауылдық округі мен Жезкент кентінің командалары кездесіп, жезкенттік футболшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Жарыстың соңында аудан әкімнің орынбасары М. Табылдин барлық қатысушыны спорт күнімен құттықтап, Жезкент кентінің футболшылар командасы аудан әкімінің 2023 жылғы кубогымен марапатталды. Сонымен қатар турнирдің үздік ойыншылары арнайы номинациялар бойынша көзге түсті. Олар: Жезкент командасының ойыншысы Дмитрий Буранов – үздік шабуылшы, Новопокровка командасының ойыншысы Елдос Еркенұлы – үздік қақпашы, Бородулиха командасының ойыншысы Айғазы Биболов үздік бомбардир атанды, Жаңашүлбі командасының ойыншысы Ринат Айтхожин пайдалы ойыншы номинацияларына ие болды.
Жеңімпаз командаға аудан әкімінің кубогы мен футбол формасы жиынтығына сертификат табысталды. 2-3 орын алған командалар да бағалы сыйлықтарға ие болды. Футболшылар номинациялар бойынша грамоталар және медальдармен марапатталды. Барлық қатысушыға алғыс айтамыз және Спорт күнімен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!
Біз балалар футболын дамыту арқылы ғана аталған спорт түрінің бойына қан жүгіртіп, болашаққа үмітпен қарай аламыз. Қазақ футболының көсегесін көгертсем дейтіндердің құлағына алтын сырға бұл. Ендеше, қазақ баласының ала допта ала алмай жүрген еншісінің бар екенін бәріміз біле жүрейік, көкірекке түйе жүрейік.
Ербол Темирбулатов