Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында әр ауылдық округте тоқсан сайын кездесулер ұйымдастырылады.
Осыған орай, Бородулиха ауданы әкімінің ауылдық округтер тұрғындарымен есептік кездесулері жалғасуда. 20 қараша күні Жерновка, Жаңашүлбі, Андреевка ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өтті. Кездесуге дербес бөлімдердің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жерновка ауылдық округінің әкімі Е. Деревянканың осы жылдың 10 айында Жерновка ауылдық округінде атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тындалды. Округ әкімі алдағы жоспарлар мен міндеттер туралы айтты.
Оның сөзінше, жыл басынан бері аталған округтерде бірқатар жұмыстар жүзеге асырылған. Биыл аудандық бюджеттен Пол-Лог ауылындағы 40 бағанға қосымша шамдар орнатуға қаржы бөлінген. Порталда мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында өнімді жеткізуші ең төменгі бағамен анықталып, 40 бағанды шамдармен жарықтандыру және монтаждау жұмыстары 30 қазанда аяқталған.
«Осы жылдың қыркүйек айында хоккей корты бар кешенді футбол алаңын орнатуға мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, жеткізуші «Аманат» жеке кәсіпкерімен келісім-шарт жасалды, алайда, жұмыс аяқталмай, шарт бұзылды. Сонымен қатар, Жерновская орта мектебінің аумағына 20 емен көшеті отырғызылды. Ауылішілік жолдарды грейделеу жұмыстарын Жерновка ауылдық округінің шаруа қожалықтары жүргізді. Су өткізгіш құбырлар мен жолдар тазартылып, көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары атқарылды. 2023 жылдың 10 айында аудан тұрғындары әкімдік ғимаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 98 мемлекеттік қызмет (анықтама беру, электрондық цифрлық қолтаңба алу) алды», – деді округ әкімі.
Бұдан кейін аудан әкімі Жерновка ауылдық округі бойынша қордаланған мәселелерді талқылап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Жаңашүлбі ауылдық округінде өткен кездесу барысында ең алдымен, ауылдық округ әкімі А. Молдажановтың округте 10 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.
Оның айтуныша, осы жылдың 10 айында округте 282 тонна ет, 230 тонна сүт өндірілген. Сонымен қатар, екі ірі шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуды жұмыстарын нәтижелі жүзеге асыруда, мәселен, «Лазарев и К» ЖШС-де 1226 бас ірі қара, оның ішінде асыл тұқымды 658 бас, 16 бас жылқы, ал «Алекс» ШҚ-да 16 бас және «AGROJYNITI» ЖШС-де 14 бас асыл тұқымды жылқы бар.
«Ара шаруашылығын дамытуды 750 ара тұқымдастары бар «Беккел» жеке кәсіпкері және 150 ара тұқымы бар «Горизонт» шаруа қожалығы жүзеге асыруда. «Жаңа Семей KZ» ЖШС Жаңашүлбі ауылындағы Краснопартизанская көшесіне 7 млн. 145 мың 600 теңгеге балалар ойын алаңын орнатты.
«Пурис» жеке кәсіпкері Жаңашүлбі ауылының Киров және Меркулова көшелерінің бойындағы көшелерді жарықтандыру үшін 40 баған орнатты. «Спецстрой ЛТД» ЖШС мердігері есебінен Гагарин, Қазақстан, Әбеулова, Колхозный трассасы, Школьный тұйық көшелерінің бойындағы су құбырлары жүргізілген жерлерге құм себілді. «Абай облысы Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы» КМК Жаңашүлбі-Ақши ауылындағы аудандық маңызы бар, ұзындығы 22 шақырым жолды грейдерледі», – деді Жаңашүлбі ауылдық округінің әкімі.
Есепті тыңдаған аудан әкімі Айдар Ибраев өткен кездесулерде айтылған проблемалық мәселелердің бір бөлігі орындалғанын атап өтті. Әлі де жүзеге асырылатын жобалар аз емес. Әңгіме барысында аудан басшысы атқарылған істерді қорытындылап, биылғы жоспарлар жайлы ақпаратты бөлісті, сондай-ақ, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Бұдан әрі есептік кездесу Андревка ауылдық округінде өтті. Ауылдық округ әкімі Б. Кулаков есеп барысында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, «Ассорти-2» ПТ ШҚ басшысы И.В. Шевченко 500 мың теңгеге Гагарин көшесінің бойындағы жолдың іргетасын толтыру және су өткізгіш құбырды жөндеу, сонымен қатар6 Школьная және Гагарин көшелерінің бойына асфальт жабындысын қосу жұмыстары жүргізілгенін, оның демеушілігімен «Михайличенков орта мектебі» КММ-не 500 мың теңге сомасында асфальтбетон жабыны төселгенін айтты.
Демеушілік аясында «Өскеменспецкоммунтрас» басшысы Ж. Кужахметов 480 мың теңгеге мешітке асфальт төседі. Биыл «Ассорти-2» ПТ шаруа қожалығының басшысы И.В.Шевченко Андроновка тоғанын қалпына келтіру жұмыстары жүргізді, суды ағызу үшін канал тартылды, 150 текше метр бетон төселді, шығын 7 млн. теңгені құрады.
2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлік жобасы аясында уақытша жұмыс орындарын құру жоспарын жүзеге асыру мақсатында округтің кәсіпкерлерімен және шаруа қожалықтарының жетекшілерімен уақытша жұмыс орындарын құру жұмыстары жүргізіліп, 5 адам қоғамдық жұмыс орындарына қабылданды. Жастар тәжірибесі бойынша 2 адам, «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» жобасы аясында 5 жеке кәсіпкер тіркелді» – деді ауылдық округ әкімі Бербол Төкенұлы.
Кездесулердің соңында аудан әкімі тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, азаматтардың көкейінде жүрген сауалдар бойынша қабылдау өткізді.
Серік ТЛЕКҰЛЫ