Семейде екі бірдей мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген қала әкімі Бақытжан Байахметов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Атап айтқанда,Шығыс кентіндегі 1200 орындық және Степной кентіндегі 300 орындық мектептің құрылысы жақын арада аяқталмақ.
— Алдағы уақытта Қарағайлы шағын ауданында, Водный, Ақсай, Шығыс кенттерінде 2700 орындық тағы 4 мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Бобровка кентіндегі 320 орындық, Восход кентінде 140 орындық балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Құрылысы биыл басталады, — шаhар басшысы Бақытжан Байахметов.
Қазір қаладағы 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші – 76,7% құрап отыр.