Бүгінде буллинг әлем мектептерінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
2024 жылғы 16 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан «Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Онда буллинг тақырыбы қозғалып, жәбірленушінің өмірдің соңына дейін есте қалатын ауыр психологиялық жарақатқа әкелетін, басқаларға агрессия тудыратын немесе қайтымсыз салдарға әкелетін оның барлық түрлерімен (физикалық, вербалдық, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, кибербуллинг немесе интернет-буллинг) таныстырды.
Бүгінгі таңда Абай облысында оқу орындарында оқушылар мен студенттер арасында қорқыту, кибербуллинг фактілері жиі кездеседі, кейде бұл бопсалаумен бірге жүреді.
Қазақстан Республикасы ІІМ министрі 2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялады. Балалар қылмысының алдын алу, оқушылар арасында қылмыстық көзқарастың қалыптасуына тосқауыл болу, жоғары сынып оқушыларының тарапынан оқушыларды қорлау, сондай-ақ мектептердегі бопсалауды тоқтату мақсатында ағымдағы жылдың 10 ақпанынан 14 ақпанына дейін Бородулиха ауданының аумағында оқу орындарының оқушылары арасында профилактикалық, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге асыру үшін «Антибуллинг» акциясы өтеді.
Оқу орындарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, қорқыту және бопсалау фактілерін анықтауға баса назар аударылатын болады. Сонымен қатар, Бородулиха аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп мектептердің 6-11 сыныптары және колледждердің 1-2 курстары оқушылар арасында қорқыту, бопсалау фактілерін анықтау үшін сауалнама жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар мен жастар арасында ақшалай қаражат жинаумен айналысатын және оқушыларға теріс әсер ететін адамдар арасында бопсалау және «алымдар» фактілерін, оның ішінде жастар топтарының көшбасшыларын анықтау мақсатында арнайы жедел іс-шаралар жүргізіледі.
Бородулиха ауданының ПД