• RU
Четверг, 28 мая, 2026
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БАЛА ЖҮРЕГІН ӘУЕНМЕН ТЕРБЕТКЕН

28.05.2026
in Жаңалықтар
БАЛА ЖҮРЕГІН ӘУЕНМЕН ТЕРБЕТКЕН
Share on FacebookShare on Twitter

Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші, адам өміріндегі ең маңызды тәлім-тәрбиенің іргетасы балабақша қабырғасында қаланады. Жас шыбықты мәпелеген бағбан іспетті, кішкентай бүлдіршіндердің бойына өнер мен ізгіліктің дәнін егіп жүрген жандардың бірі – Бородулиха ауданындағы «Солнышко» балабақшасының музыка жетекшісі Самиға Сейтқалиқызы Ашамаева. Бүгінгі әңгімеміз өз кәсібін өмірінің мәніне айналдырған осынау абзал жан туралы болмақ.

Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің түлегі Самиға Сейтқалиқызының «Солнышко» балабақшасында еңбек етіп келе жатқанына биыл 16 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол қаншама бүлдіршінді өнер бесігіне бөлеп, сахна мәдениетіне баулыды. Алайда, кез келген маман сияқты оның да алғашқы еңбек жолы оңай басталмаған еді. Самиға Сейтқалиқызы алғаш жұмысқа келгенде балалармен жұмыс істеу әдістемесін толық білмегендіктен, бойында қорқыныш болғанын жасырмайды. Сол бір сындарлы сәтте оған бағыт-бағдар беріп, кәсіби тұрғыда шыңдаған балабақшаның тәжірибелі әдіскері Светлана Борисовна болатын. Алғашқы ұстазының үнемі сабақтарға қатысып, қателіктерді түзеп, бағыттауы Самиға Сейтқалиқызының нағыз маман болып қалыптасуына үлкен септігін тигізді.
Тәжірибелі педагогтың пайымдауынша, музыка – баланың ең басты жан азығы. Балабақшадағы музыка сабағы тек ән айтып, би билеумен шектелмейді. Ол – баланың шығармашылық қабілетін дамытып, ішкі дүниесін байытатын маңызды құрал. Осы орайда музыканың кішкентай бүлдіршіндерге тигізер пайдасы орасан зор.
«Музыка баланың сөйлеу және есте сақтау қабілетін жақсартады, қиял мен шығармашылығын қарқынды дамытады. Сондай-ақ, ырғақ сезімін оятып, қимылдарды үйлесімді орындауға баулиды. Эмоцияны жеткізу мен өзін еркін білдіруге көмектесіп, топпен жұмыс істеу дағдысын ерте қалыптастырады», – дейді Самиға Сейтқалиқызы.
Тәлімгер үшін балдырғандардың әр нотада күлімдеп, шаттануы – жұмысына деген ең үлкен шабыт көзі.
Сонымен қатар, балабақшада бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – басты бағыттардың бірі. Күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде салт-дәстүр мен қолөнерді дәріптеуге ерекше мән беріледі. Бүгінде мекеме ұжымы «Әже мектебі», «Аналар мектебі» және «Әке мектебі» сияқты бірегей жобалар аясында ата-аналармен тығыз байланыс орнатқан. Ал музыка сабағында балаларға қасиетті аспаптарды таныстыру, халық әндері мен күйлерін тыңдату, ұлттық билерді үйрету – ұстаздың күнделікті шығармашылық жұмысының ажырамас бөлшегі.
Өз ісіне шебер маман жұмыстан тыс уақытта да жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Бос уақытында кітап оқып, спортпен шұғылданатын, мың бұрала би билеп, ән айтатын Самиға Сейтқалиқызы бұл хоббилерінің бойына жаңа күш-қуат пен шабыт сыйлайтынын айтады. «Бала тәрбиесі – тал бесіктен» қағидасын ұстанған педагогтың басты мақсаты – Отанын сүйетін саналы да тәрбиелі ұрпақ өсіру.
Тәжірибелі маманның ұжымдағы беделі мен еңбекқорлығы туралы «Солнышко» балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Айнұргүл Нұртайқызы Майкенова өзінің жылы лебізін білдірді:
— «Самиға Сейтқалиқызы – өз ісіне жауапты, шығармашыл әрі бала
жанын терең түсінетін білікті маман. Ол ұйымдастырған әрбір мерекелік шара жоғары деңгейде өтеді. Балалардың бойындағы талантты дөп басып тауып, сахнаға бейімдеудегі еңбегі ерен», — дейді балабақша басшысы.
Самиға Сейтқалиқызының еңбегі тек ата-аналар мен ұжым арасында ғана емес, облыстық және аудандық деңгейде де жоғары бағаланып келеді. Педагогтың кәсіби біліктілігі мен ізденімпаздығы оның мазмұнды марапаттарынан айқын көрінеді.
Мәселен, ол Абай облысының Білім басқармасына қарасты Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде өткен «Білім беру мекемелерінде музыкалық білім берудегі инновациялық тәсілдер» атты облыстық семинар-практикумға белсене қатысып, өз біліктілігін ресми сертификатпен бекітті. Тәжірибелі ұстаз бұнымен шектелмей, аудандық деңгейдегі «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты Тамыз конференциясының секциялық отырысында және «Балалардың тәжірибе жасауы – қоршаған әлемді тану құралы» атты аудандық семинарда өзінің озық педагогикалық іс-тәжірибесін таратқаны үшін Білім беру бөлімінің арнайы Мадақтама грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, ұрпақ тәрбиелеудегі ұзақ жылғы адал еңбегі мен қол жеткізген табыстары үшін халықаралық мерекелер аясында балабақша басшылығы мен кәсіподақ комитетінің де ерекше құрметі мен ыстық ықыласына бөленіп келеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, балабақша ұжымының ортақ мақсаты – балалардың жарқын болашағы. Сұхбат соңында Самиға Сейтқалиқызы әріптестеріне шығармашылық табыс пен еңбектеріне береке, ал ата-аналар қауымына отбасылық амандық пен бірлік тіледі.
Жүрегі жылылыққа, жаны әуенге толы Самиға Сейтқалиқызы Ашамаеваның ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі жана берсін дейміз. «Солнышко» балабақшасына шуақ шашып, бүлдіршіндердің жүрегіне өнер мен ұлттық тәрбие нәрін құйып жүрген ұстаздың шығармашылық жолы әрдайым табыстарға толы болғай!

Ш.ДОСКЕЕВА,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

БАЛА ЖҮРЕГІН ӘУЕНМЕН ТЕРБЕТКЕН

ЖЕЗКЕНТТІК МЕРГЕНДЕР ОБЛЫСТЫ БАҒЫНДЫРДЫ

МАЙДАН ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛҒАН КЕШ

Участие в масштабном проекте «Аламан құрақ – 2026»

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ТАҒАЙЫНДАУ

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «ЕҢБЕК ЖОЛЫ – 2025»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА»
  • «ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 1 қазан — қарттар күні
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 19 қазан — Құтқарушылар күні
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абай – 180 жыл
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Аймақ дамуы
  • Аймақ жетістігі
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ардагерлерге құрмет
  • Ардагерлерді ардақтайық
  • Ата заң
  • Ата Заңға – 30 жыл
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық байқау
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік қолдау
  • Әлеуметтік саясат
  • Байқау
  • Балалар және спорт
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Бәрекелді
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім және ғылым
  • Білім және тәрбие
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Бірлік пен имандылық
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ваше право
  • Вести из сельских округов
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Водоснабжение
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Выборы народа
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Герои труда
  • Голос народа
  • Горизонты развития
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Гражданская платформа
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День пожилого человека
  • День спасателя
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Детское творчество
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Діни экстремизм мен терроризм
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Достық пен ынтымақ
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел болашағы
  • Ел қорғаны
  • Елге қызмет – ерге міндет
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамдары
  • Еңбек адамы
  • Еңбек нарығы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Ерлікке тағзым
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жас дарын
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Жерлестер жетістігі
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • ЖКХ
  • Жолдауға қолдау
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Записки криминалиста
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Индустриялық даму
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфрақұрылым
  • Инфраструктура
  • Историческое наследие
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарттар күні
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қауіпсіздік
  • Қоғам
  • Қоғам және басқару
  • Қоғам және жауапкершілік
  • Қоғам және заң
  • Қоғам және қауіпсіздік
  • Қоғам және мәдениет
  • Қоғам және отбасы
  • Қоғам және саясат
  • Қоғамдық бақылау
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Қоршаған орта және экология
  • Құқықтық сауаттылық
  • Қылмыс пен жаза
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдени байланыс
  • Мәдениет
  • Мәдениет және қоғам
  • МӘСЛИХАТ
  • Мектепке дейінгі білім
  • МЕКТЕПКЕ ЖОЛ
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мерейлі мереке
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Образование без границ
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отзывчивые сердца
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өнер сахнасында
  • Өңір
  • Өңір тынысы
  • Памятная дата
  • Партийная система
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Педагогика
  • Полиция бөлімінен
  • Послание Президента РК — 2025
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Профилактика
  • Рабочая повестка
  • Рабочий визит
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональное сотрудничество
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сектор промышленности
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Совет ветеранов
  • Советы родителям
  • Социальная защита
  • Специалист предупреждает
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Статистика
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тамыз конференциясы
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлттық мұра
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Экономика және кәсіпкерлік
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.