Жас ұрпақ – жарқын болашақтың ең басты байлығы, асыл қазынасы, келешектің кепілі.
Елімізде жетім, тастанды, ата-анасының қарауынан айырылған балалардың көптігіне және балалар үйлері мен интернат мекемелерінің қазіргі жай-күйіне айрықша назар аударылып отыр. Бұл– әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда дамыған елдерде жетім балалар мәселесі қоғамдық жобалар арқылы шешіліп келеді.
Осы орайда, Бородулиха ауданының прокуратурасы өңірімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың алимент төлемдері бойынша құқықтарының сақталуына және уәкілетті мемлекеттік мекемелердің қорғаншылары тарапынан балалардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралардың толықтығына талдау жүргізді.
Аталған талдау барысында қорғаншылардың әрекетсіздігі фактілері анықталып, қорғаншылардың борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына жүгінбеу фактілері анықталды.
Мысалы, борышкер C. Дубинчиктің екі баласына алимент төлеу бойынша 9 млн теңгеден астам қарызы бар. Балалар Абай облысындағы «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің қамқорлығына алынды.
Борышкер қарызды өтеу бойынша ешқандай шара қолданбаған, жұмыс істемейді және жұмыс істеуден бас тартады. Соған қарамастан, қорғаншы борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қолданбаған.
Жалпы, аудан бойынша барлығы 30 млн теңгеден астам сомаға төлем бойынша міндеттемелерді орындамаудың 14 фактісі анықталды.
Айта кету керек, алимент төлемдеріне арналған қаражат кәмелетке толған кезде тұрғын үй сатып алу немесе жоғары оқу орындарында оқу үшін балалардың арнайы шоттарына аударылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын өз бетінше қорғау мүмкіндігінің жоқтығына, ал қорғаншы әрекетсіз болуына байланысты бұл факті аудандық прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 139-бабы бойынша тіркелген.
Осы жылдың өткен кезеңінде аудан прокуратурасы 5 қылмыстық істі тіркеп, 2 борышкер сотталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Абай аудандық білім басқармасына директор мен жауапты қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту талабымен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Бородулиха ауданының прокуратурасы жүргізген жұмыстар алиментті төлемейтіндерге оң әсерін тигізіп, жазаның бұлтартпас қағидасы аясында көптеген борышкерлер қарызды жартылай өтеу арқылы сот актілерін орындауға кіріскен.
Бородулиха ауданының прокуратурасы