23 қарашада аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төрайымы Сәуле Урашеваның төрағалық етуімен Бородулиха аудандық мәслихатының 10-шы сессиясы өтті.
Оған депутаттық корпустың мүшелері, сондай-ақ, Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты. Бұл іс-шара қарастырылып жатқан мәселелердің маңыздылығына байланысты үлкен қызығушылық тудырды.
Күн тәртібіне сәйкес, отырыста Андреевска, Бакинский, Белағаш, Бородулиха, Дмитриевска, Жернова, Зубаира, Красноярск, Құнарлы, Новодворовска, Новопокровска, Жаңашүлбі, Петропавловка, Подборный ауылдық және Жезкент кенттік округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сессия отырысында әрбір мәселені мұқият қарау қорытындысы бойынша аталған аудандардың бюджетін оңтайландыруға, сондай-ақ, түрлі даму бағдарламалары мен әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды. Бұл қадамдар аудан өмірінің әртүрлі салаларындағы қажеттіліктерге бағытталған және тұрғындардың әл-ауқаты үшін бюджеттік ресурстарды тиімдірек пайдалануды қамтамасыз етуге арналған.
Аудандық мәслихаттың 10-шы сессиясы ауданның әкімшілік-қаржылық қызметін жетілдірудегі елеулі кезең болды. Қабылданған шешімдер әр округтің жеке дамуына ықпал етіп қана қоймай, бүкіл Бородулиха ауданының тұрақты жалпы ілгерілеуіне қолайлы жағдай жасайды.
Аудандық мәслихат аппараты