Аудан әкімі Айдар Ибраев кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуде екі қабатты үйлердің тұрғындары үйлерін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуды сұрап, тағы да өтініш білдірді. Аудан әкімі сауалға орай жобаны жүзеге асыру үшін кондоминиум құру тәртібін, сондай-ақ осы мәселеге байланысты жергілікті атқарушы органдардың алдағы жоспарын айтты.
Сонымен қатар, қабылдауға келген Михайличенково ауылының тұрғындары жануарларға арналған арнайы орын ашу туралы бастама көтерді. Бұл идеяны жүзеге асырудың бірнеше нұсқаларын талқылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
Өз тілшіміз