Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев тұрғындармен жиі жүздесіп, жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Апта дүйсенбісінде «АМАNАТ» партиясының Бородулиха филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті.
Қабылдау барысында екі сауал түсіп, нәтижесінде учаскелік сайлау комиссиясының жұмысы, сондай-ақ Бородулиха ауылындағы Боркова көшесінің жағдайы және аудан орталығының инфрақұрылымын жақсарту бойынша жоспарланған жұмыстар талқыланды.
Инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту негізгі міндеттер қатарында екенін тілге тиек еткен Айдар Маратұлы мәселелер заң шеңберінде өз кезегімен шешім табатынын айтты.
Өз тілшіміз