«Тазалық – денсаулық кепілі». Өзіміз өмір сүріп, күнделікті ауасын жұтып отырған қоршаған ортамыздың тазалығын сақтаудың маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Алғашқы «Таза өлке» апталығында аулалар тазартылып, қоқыс шығарылды.
— Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Сіздердің әрқайсыларыңызды өзіміз тұрып жатқан ортамызды қоқыстан тазарту және елді мекендердің көшелерін абаттандыру мен көріктендіру бойынша ортақ сенбілікке шығуға шақырамын.
Абаттандыру шараларына ешкім бей-жай қарамауы керек. Барлық тұрғындарды осы игі бастамаға қосылуға шақырамын, өйткені біз тек бірге жұмылғанда ғана нәтижеге қол жеткізе аламыз. Біздің табиғатқа деген қамқорлығымыз өзімізге және басқаларға деген құрметімізді көрсетеді,- деді аудан әкімі Айдар Ибраев.
Акция аясында мемлекеттік қызметшілер мен мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері «Жеңіс» саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аудан тұрғындары қоршаған ортаны қоқыстан тазартып және қоғамдық орындарды көркейтуге белсенді қатысуда.
Дәл осындай акция аудан аумағындағы барлық ауылдарда жүзеге асырылуда.
Айкөркем Мақыш,
«Жаңа уақыт»