Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз»,- деген болатын.
Жоба аясында Бородулиха ауданында апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылуда. Өткен аптада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Зубаир ауылында жалпыаудандық сенбілік өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – қоғам назарын аудан аумағындағы тазалық мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акция барысында аудандағы мекемелер мен ұйымдардың өкілдері жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып, көшелерді, жол жиегін және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты.
Өз тілшіміз