Өскемендегі «Магнум» сауда орталығында өнімдер бағасы тұрақты.
Облысқа жұмыс сапарымен келген Сауда және интеграция министрі осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
— Жалпы тұтынушылар тарапынан азық-түліктің бағасына және сапасына қатысты жиі шағым түсіп жатады. Алайда бүгін «Магнум» дүкендер желісінің Өскемен қаласындағы филиалында баға тұрақты екеніне көз жеткіздік. Сондай-ақ тұрақтандыру қорынан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапалы екенін көрдік — деді министр.