Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына орай өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыстың қызықты бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Семей қаласы мен Бородулиха ауданынан 155 бала қатысты.
Бағдарлама аясында біздің Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін үлкен экранда анимациялық фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар Биологиялық орталықта серуендеді. Жуырда пайдалануға берілген балалар пойызымен «Бейбітшілік»аралына саяхат жасады. Бұдан бөлек балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
Бұл сапар балаларға қуаныш сыйлады. Олар өздеріне деген құрмет пен мейірімді сезді. Балаларды қуантқан облыс басшылығына алғыс айтамыз.
В. Асовбаева