Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыста «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу туралы мәселе көтерілді.
Аталған оқу-жаттығулар ағымдағы жылдың 15-16 мамырына «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха ауданы аумағындағы филиалында өтеді деп жоспарланған. Аталған шараға Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері қатыспақ.
Қазіргі уақытта оқу-жаттығу өтетін орын дайындалуда.
Өз тілшіміз