• RU
Понедельник, 2 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home «Жер-2023»

Командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылды

14.09.2023
in «Жер-2023»
Командалық-штабтық оқу-жаттығу  ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазір қоғам түрлі қауіп-қатерге толы. Сол себепті де еліміз үшін қауіпсіздік басты мәселе ретінде белгіленген. Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да көбейіп кетті.

Бүгінде апаттың алдын алып, жедел қызмет сапасын арттыру мақсатында еліміздің арнайы мамандары түрлі жұмыстарды атқарып, қауіп-қатерді болдырмаудың әр түрлі жолдарын қарастыруда. Соған орай, осы жылдың 11 қыркүйегінде Бородулиха ауданында «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары шеңберінде жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жасағының жеке құрамы мен техникасына саптық тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, тактикалық арнайы оқу-жаттығулары өткізілді, оның мақсаты – жойқын жер сілкінісі қаупі төнген және туындаған жағдайда қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, төтенше жағдайды жою жөніндегі барлық іс-қимылдардың, сондай-ақ эвакуациялық іс-шаралардың үйлесімділігін жетілдіру, айтып келмейтін табиғи-техногендік апаттарға қашан да дайын болу керектігін ескере отырып, аудандағы азаматтық құтқару топтарының дайындығын, қажетті техникалары мен құрал-саймандарының жарамдылығын пысықтау.
Саптық байқауды аудан әкімінің орынбасары Ерлан Жұмабайұлы, Бородулиха ауданының ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ержан Сүлейменов жүргізді. Оқу-жаттығу барысында аудандағы құтқару қызметтерінің жер сілкінісі мезгіліне дайындығы тексерілді.
«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Бородулиха ауылының Абай атындағы орта мектебінің аумағында сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Жаттығу барысында жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер пысықталды. Жоспар бойынша «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы естілгенде объекті қызметкерлері азаматтық қорғау органдарын хабардар ете отырып, адамдарды ғимараттан эвакуациялауды бастайды. Ол үшін 15-20 секунд уақыт қарастырылған. Ғимараттан шыққан адамдар электр желілері мен ғимараттан қашықтықта орналасқан арнайы алаңға жиналғаннан кейін, орталық қызметкерлері пациенттердің бар-жоғын тізім бойынша тексеріп шығады. Ал дәрігерлер адамдарды қарап, жылы және қажетті заттармен қамтамасыз етуі керек.
Оқу-жаттығу Бородулиха ауданының ұйымдарының басшылары мен лауазымды адамдарының тәжірбиелік дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шараға Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызмет, энергетика қызметі, медициналық қызмет, жол қызметі және азаматтық қорғау қызметі күштері қатысты.
Іс-шарада әрбір қызметтік топ жетекшісі мен мүшелерінен міндеттері сұралып, техникалық базалары тексерілді. Құрал-саймандары түгенделді. Өйткені, аудан айтып келмейтін апаттық жағдайларға барлық уақытта да дайын болуы керек. Оқу-жаттығу барысында тұрғындар мен мекемелердің, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің дайындықтарының қандай деңгейде екені тексерілді. Әрбір топ мүшелері өздеріне жүктелген міндеттері мен іс-қимылдарын жақсы біледі.
— Мұндай оқу-жаттығу жиындары жыл сайын жоспар бойынша өткізіліп тұрады. Ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына дайындық жүргізіледі. Біз осы арқылы дайындықты пысықтаймыз. Бүгін қызметкерлеріміз өз істерін атқаруда жеделдік танытып, техникалық құрал-жабдықтардың жарамды екенін көрсетті. Оқыс жағдай бола қалған жағдайда, сақадай-сай болуымыз қажет. Оқу-жаттығу өз дәрежесінде өткізілді, — дейді Бородулиха ауданының ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е. Сүлейменов.
Сөз соңында айтарымыз, әрине, төтенше жағдаймен күресу қажет. Бірақ, оның алдын алған одан да тиімді болмақ. Ендеше, мұндай шаралардың маңызы да, тигізер септігі де мол.

Азамат Смагулов

Жаңалықтар

Как избежать пожара при приготовлении пищи на открытом огне

Осторожно: начинается купальный сезон!

След из прошлого: раскрытие преступления в Зенковке

Работники культуры Бородулихинского района отмечены на областном уровне

Пополнение автопарка ПЧ-12 села Бородулиха

Прощание со школой

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.