Аудандық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ауыл жастарына арналған «Жастармен бірге!» форумы өтті. Форумға аудан басшылығы, белсенді жастар, мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жастар қоғамның қозғаушы күші, келешек кепілі екендігін айтқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Селиханов форум жұмысына сәттілік тіледі.
Форум барысында қатысушылар «Ерлік-Даңқ» іздеу тобының жұмысымен және жетістіктерімен танысты. Сонымен бірге, психолог Марина Дементьева тұлғалық даму бойынша тренинг өткізді. Бородулиха ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жетекші маманы, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Әлішер Жұмабеков төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ильяс Ахмедов киберқылмыс және интернет алаяқтардан қорғану жөнінде ақпарат берді.
Шара аясында «Айналайын» ансамблі би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Форум соңында белсенді жастар марапатталды.
А. ЖАҚЫП,
«Жаңа уақыт»