📌- партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (көк түсті);
📌 — бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (жасыл түсті);
📌- партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астаналардың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (күлгін түсті);
📌- бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (қызғылт сары түсті);
📌- сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың мәслихаттары (сұр түсті).
❗️Бұл ретте соңғы бюллетень Астана, Алматы және Шымкент сайлаушыларына арналмаған. Бұл республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары тек төрт бюллетень алады.
❗️Әр бюллетеньде «барлығына қарсы» деген баған болады. Бұл сайлаудағы бюллетеньдер А5 форматында болады. Барлық бесеуін бір урнаға тастау керек.