Өткен апта соңында Бородулиха аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері Ә.Қ. Акимбатчаев пен В.П. Екидин өңірдегі Neet санатындағы жастармен кездесу өткізді.
Аталмыш кездесудің тақырыбы – «Дін саласындағы мемлекеттік саясат» болды. Іс-шара барысында қатысушылар діни төзімділік, Қазақстанның ұлттық және рухани дәстүрлеріне құрмет көрсету мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Бір бұл емес, аталмыш топ өкілдері сонымен қатар әлеуметті осал қауым топтармен де «Дін саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыбында арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында негізінен діни толеранттылықтың маңыздылығына, бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына және діни саладағы заңнаманы сақтау қажеттілігіне баса назар аударылды. Осынау мазмұнды өрбіген кездесуде барша қатысушылар діни толеранттылық, Қазақстанның ұлттық-рухани дәстүрлерін құрметтеу мәселелерін талқылап, сонымен қатар өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды түрде жауап алды.
Өз тілшіміз