Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықта ең алдымен бітімгершілік бастамаларымен, конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің өзіндік бірегей үлгісімен танымал. Еліміз әрқашан әлемдік өркениет мен мәдениет арасындағы байланыстырушы көпір қызметін атқарып келеді.
Аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері этномәдени бірлестік мүшелері мен жастар арасында «Дін мен дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы айтылды. Сондай-ақ қоса, Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, ел тұрғындарының мәдениеті мен рухани мұрасын дәріптеуіне мүмкіндік жасалғаны айтылды. Сонымен қоса, деструктивті діни ағымдардың және радикалды идеялардың зиянын айшықтауға бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.
Шараға қатысушылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Ай-Көркем МАҚЫШ,
«Жаңа уақыт»