Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясы «Баланы мектепке дайындаймыз» атты жалпыұлттық қайырымдылық акциясын жариялайды. Бұл акция биыл «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 13-ші рет өткізіліп, игі дәстүрге айналып үлгерді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысында демеушілік таныту.
Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға демеу «Баланы мектепке дайындаймыз» дәстүрлі акциясына Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары жеке үлес қосты.
Игі іс-шара шеңберінде мектеп және спорт формалары, аяқ киім, рюкзактар және қажетті кеңсе тауарлары мен құралдар сатып алынды. Біз сыйлықтарды табыс ете отырып, оларды келе жатқан оқу жылымен жеке құттықтап, балаларға зор денсаулық, оқуда табыс тіледік.
1 қыркүйек – білім күні, бұл әрбір адам үшін мерекеге айналуы керек. Әрқайсымыз шетте қалмай, бей-жай қарамай, қолұшын созып, осы акцияға белсене атсалыссақ, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне тікелей әсер ететін көптеген мәселенің алдын алуға болады. Ал бақытты бала – мемлекетіміздің болашағының негізі. Сондықтан, бұл акцияға кез келген адам қатыса алады.
Бүгінде мемлекет тарапынан балалар мен жастарды тәрбиелеуге айрықша назар аударылып келеді, ауданымызда да бұл бағытта қыруар істер атқарылуда.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының 2023-2025 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында биыл 1-4 сынып оқушылары 613 бала тегін ыстық тамақпен қамтылады. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 24 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
Аудан мектептерінде жаңа модификациядағы кабинеттер — Новопокровка орта мектебінде физика кабинеті, Жезкент кентінің мектеп-лицейінде химия кабинеті, Жаңашұлбі ауылдағы В. Комаров атындағы орта мектепте биология кабинеті ашылады. Сондай-ақ Бородулиха ауылындағы Н. Островский атындағы орта мектепке балаларды тасымалдау үшін жаңа автобус алынады.
Балалар – болашағымыз, ал білімді жастар – еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен дамуының көрсеткіші.
С. Урашева,
Бородулиха аудандық мәслихатының төрайымы,
«AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрайымы