Өкінішке орай балалар терезеден құлайтын жағдайлар да кездеседі. Көп жағдайда балалар өз бетінше терезенің алдындағы тақтайға мініп, әр түрлі жиһаздарды пайдаланып, және ондағы торға сүйене отырып, терезеден құлайды.
Бұған негізгі себеп – балалардың үлкендердің бақылауынсыз қалуы, терезені жабуды ұмытып кеткен жақын туыстарының аңғалдығы болады. Екінші – жиһаздардың дұрыс қойылмауы, балалардың өз бетінше терезеге шығуларына мүмкіндік беру. Ақырында — терезенің жабық тұрған тәрізді екендігін көрсететін, бірақ ауыр көтеруге есептелмеген тордың болуы.
Бүгінгі таңда пәтерлердің көпшілігінде москит торларымен жабдықталған пластикалық терезелер бар. Бұл жағдайда жалған қауіпсіздік сезімі пайда болады, өйткені торлар сыртынан кішкене өздігінен бұрап тұратын бұрандаларға бекітіліп, жеңіл қысыммен сыртқа қарай құлайды. Есіңізде болсын: москит торы тіпті ең кішкентай баланың салмағын көтере алмайды! Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Тор балада тірек елесін жасайды. Ол оған сүйеніп, терезеден құлап кетуі мүмкін.
Қорғау шаралары:
егер бала үйде болса, терезені ашық қалдырмау керек;
терезенің тиісті қорғауы болмаса, торды сенімді тірек ретінде пайдаланбау;
балалар оған сүйеніп тұрғанды ұнатады;
терезе, балкон немесе шыны есіктер алдында ойнап жүрген балаларды қараусыз қалдырмау;
балалар терезенің алдына шығып, төмен құламауы үшін жиһаздарды терезенің жанына коймау;
балаларға қауіпсіздік сабақтарын өткізу. Үлкен балаларды кішкентай бүлдіршіндерге қамқор болуды үйрету;
балалар терезені өз беттерінше ашпау үшін терезеге блокиратор немесе оның тұтқасына құлып орнату керек.
Егер сіз балаңызға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз – оны әрдайым мықтап ұстаңыз, баланың кенеттен қозғалуына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз.
Терезелерді шектегіштермен қорғаңыз.
Бородулиха ауданының ТЖБ