• RU
Суббота, 22 ноября, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аңызға айналған ақиық ақын

20.02.2023
in Қоғам
Аңызға айналған ақиық ақын
Share on FacebookShare on Twitter

8 ақпан күні Камышенка ауылдық кітапханасында мектеп оқушыларының қатысуымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Өшпес ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны өткізудегі мақсат – оқырмандарды ақын өмірімен, өнерімен таныстыру, оқушыларды Мұқағали Мақатаев сияқты өмірге бір — ақ рет келетін ұлы адамның шығармашылығын бағалауға, өз елінің мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы 1931 жылдың 9 ақпанында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұспа-тұс келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала — Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж).

«Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж).

Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!», – деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт. Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт. Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады. Ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім… Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін», – дейді.

Мұқағали шығармашылығының тіні өзін-өзі зерттеуден тұрады. Ол поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулы оның осы аяулы сезімімен былайша өріледі:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе,

неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан

сені іздедім,

Қарауытқан таулардан

сені іздедім.

Мақатаевтың «Өмірдастан» атты толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық , ар-намыс, рух пен нәпсі көрініс табады. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды.

Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, адалдықты, достықты жырға қосты. Халқым, елім деп еңіреп өтті.

Иә, ақын бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырған. Осы орайда, оқушылар Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, өлеңге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында ақын өлеңдерін кезектесе мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар Ф. Ахметова мен Ж. Сарипова сынды мұғалімдердің ұйымдастыруымен 5-6-7 сыныптарда ақын өмірі мен шығармашылығына арналған сынып сағаттары өтті. Кітапханашы Дана Шабакпаева «Өшпес ғұмыр» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп, ақынның өлеңдері мен прозалық шығармаларын насихаттады.

Азамат Смагулов

Tags: Аңызға айналған ақиық ақын

Жаңалықтар

В Бородулихе прошёл областной турнир по казакша күрес

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙДІ ЖҮРГІЗІЛДІ

Невидимый шанс: выбери путь защиты и безопасности

Советник Президента РК выступил с разъяснением Послания

Футбольный клуб «Шульба» в тройке лучших

Сила духа не знает возраста

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «ЕҢБЕК ЖОЛЫ – 2025»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА»
  • «ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 1 қазан — қарттар күні
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 19 қазан — Құтқарушылар күні
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абай – 180 жыл
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Аймақ дамуы
  • Аймақ жетістігі
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ардагерлерге құрмет
  • Ардагерлерді ардақтайық
  • Ата заң
  • Ата Заңға – 30 жыл
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық байқау
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік қолдау
  • Әлеуметтік саясат
  • Байқау
  • Балалар және спорт
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Бәрекелді
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім және тәрбие
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Бірлік пен имандылық
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ваше право
  • Вести из сельских округов
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Водоснабжение
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Герои труда
  • Голос народа
  • Горизонты развития
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Гражданская платформа
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День пожилого человека
  • День спасателя
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Детское творчество
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Діни экстремизм мен терроризм
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Достық пен ынтымақ
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел болашағы
  • Ел қорғаны
  • Елге қызмет – ерге міндет
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамдары
  • Еңбек адамы
  • Еңбек нарығы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Ерлікке тағзым
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жас дарын
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Жерлестер жетістігі
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • ЖКХ
  • Жолдауға қолдау
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Индустриялық даму
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфрақұрылым
  • Инфраструктура
  • Историческое наследие
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарттар күні
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қауіпсіздік
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қоғам және қауіпсіздік
  • Қоғам және саясат
  • Қоғамдық бақылау
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Қоршаған орта және экология
  • Құқықтық сауаттылық
  • Қылмыс пен жаза
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдени байланыс
  • Мәдениет
  • Мәдениет және қоғам
  • МӘСЛИХАТ
  • Мектепке дейінгі білім
  • МЕКТЕПКЕ ЖОЛ
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мерейлі мереке
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Образование без границ
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отзывчивые сердца
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өнер сахнасында
  • Өңір
  • Өңір тынысы
  • Памятная дата
  • Партийная система
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Послание Президента РК — 2025
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Рабочий визит
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональное сотрудничество
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сектор промышленности
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Совет ветеранов
  • Социальная защита
  • Специалист предупреждает
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Статистика
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тамыз конференциясы
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлттық мұра
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.